Пикассоның құпия сақталған суреті табылды

Анализ картины La Misereuse Accroupie

    Бірқатар американдық зерттеушілер тобы жаңа сканерлеу құрылғысы арқылы XX ғасырдың әйгілі тұлғасы Пабло Пикассоның «Нищенка, сидящая на корточках» (La Misereuse Accroupie) атты жұмысын зерттеуде, суреттің тағы бір жасырын қатпары анықталды.

 Зерттеуші ғалымдар жасырын қатпардан Пикассо жұмысының негізі ретінде қолданылған Барселонаның керемет пейзажын тауып алды.

 Қазіргі таңда суреттерді сканерлеу әдісінен бұрын, жұмысқа рентгенфлуоресцентті анализ жасаған әлдеқайда арзан. Сонымен бірге, ол қандай сурет галереясы болсын, алып жүруге ыңғайлы құрылғы болып табылады.

La Misereuse Accroupie
Тізерлеп отырған қыздың артында Каталония ландшафты бейнеленген

 Дәл осы жұмыстың бір ерекшелігі – студент суретшінің Барселона пейзажын саламын деп отырған ойын, кейін сол суреттің әйел бейнесіне өзгеріп кетуінде. Суретшінің 90 градусқа өзгерген ойы сол кездегі каталондық ландшафты бейнелеп берді.

 Торонтодағы Онтарио институтының көркемдік жөнінен кураторы Кеннет Браммел кедей қыздың бейнесінің астында табиғат көрінісінің бар екенін естіп қуанды. «Осындай ерекшеліктер жұмыстың қай уақытта, қай жерде жасалғанын анықтауға мүмкіндік береді және де ғылыми тұрғыдан алып қарағанда, біз суретшінің және оның шығармашылығына қатысты жаңа да қызық деректер, жаңалықтар біліп жатамыз»,- деп өз пікірін білдірді.

 Бұл ашылу жыл сайын ұйымдастырылатын Ғылым саласын дамыту жөніндегі Америкалық ассоциация конференциясында алғаш рет жария етілді.

Комментарии:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *