Португалдар мен испандықтар тең тарқасты

«В» тобының орталық матчы да өз мәресіне жетті. «Кіші финал» саналынған Португалия мен Испания арасындағы ойын тең нәтижемен аяқталды. Матчтың  алғашқы сәттерінен-ақ ойын ережесін бұзған Начо португалдықтарға алғашқы голды сыйлады. Роналду 11 метрлікті дәл көздеді. «Қызыл фуриялықтар» сапынан 24-ші минутта Коста испаниялықтардың осы әлем чемпионатындағы алғашқы голын соқты. Бірінші таймның аяқталуына 1 минут қалғанда Роналду құрамасын есепте алға шығарғанымен, екінші таймның басында Коста қайта есепті теңестірді. 58-ші минутта Начо есепті 2:3-ке жеткізеді. Ал 88-ші минутта Роналду айып добын мүлтіксіз орындап, ойынның әдемі нүктесін қояды.

 

Комментарии:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *