Пулитцер премиясын иеленген рэпер кім?

Пулитцер премиясын алғаш рет рэпер иеленді

Пулитцер премиясын алғаш рет рэпер иеленді Рэпер Кендрик Ламар музыка бағыты бойынша Пулитцер премиясын алды.

Мұндай марапат музыканттың былтыр жарық көрген DAMN. аталатын альбомы үшін берілді. Бұл бұрын соңды болмаған оқиға. Әдетте жоғары марапатқа не джаз не классикалық саз бағытына жататын туындылар лайық деп танылып жататын.

Альбомға «заманауи афро-америкалық өмірдің бар қиындығын бір басына тоғыстырған және ритмдік динамизммен айрықшаланатын әндер жиынтығы» деген сипаттама берілген. Естеріңізге сала кетейік, Ламардың DAMN. аталатын альбомы «Грэмми» премиясына үздік альбом ретінде ұсынылып «Үздік рэп-альбом» атағын жеңіп алды.

 

Комментарии:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *