ҚР БҒМ өкілдері арыстық аяғы ауыр әйелді босандырған

Арыс қаласына ҰБТ өткізу үшін жіберілген ҚР БҒМ өкілдері әйелді үй жағдайында босануға көмектесті,- деп хабарлайды Studentmedia.kz.

Арыс қаласына іс-сапармен барған министрлік өкілдері Б. Е. Утенова, Ж. М. Нұржұманова, Ш. А. Доскеева үй жағдайында аяғы ауыр әйелді босандыруға көмектескен. Өмірге қыз бала келіп, Балбөпе Есенжанқызы Өтенова баланың кіндігін қиып, күтпеген жерден «Кіндік шеше» атанған. Оқиғаның мән-жайын төменде келтірдік. 

2019 жылдың 24 маусымында таңертең Арыс қаласындағы әскери қоймада шыққан өрт жарылыстарға ұласты. Арыс қаласына ҰБТ-ны өткізу үшін іс-сапармен барған 12 адамнан тұратын ҚР Білім және ғылым министрлігінің өкілдері жарылыс кезінде жергілікті тестілеу пунктінде жұмыс жүргізді. Министрлік өкілдерінің айтуынша, жарылыс басталған соң қарбалас болып кеткен. Сол уақытта барлығы қаладан қаша бастады. Министрлік өкілдерінен тұратын топтың үш адамы басқалардан бөлініп шықты. Олар — Б. Е. Өтенова, Ж. М. Нұржұманова, Ш. А. Доскеева. Олар жол бойында жеңіл көлікті тоқтатып, жақын маңдағы биіктікке жетуді өтінеді (тұрғындардан қаланы су қоймасынан атқылаған су басқандығы туралы хабар жеткен). Сол жолда олар жүкті әйелді кездестірген. Жанында жергілікті акушер болыпты. Ол уақытта әйелдің толғағы басталған екен. Ақжар ауылына барар жолда олар бірінші кездескен үйге кіріп, әйелді босандыруды бастайды (ауылда перзентхана болмаған). Осылайша, министрлік өкілдері Б. Е. Утенова, Ж. М. Нұржұманова, Ш. А. Доскеева әйелге үй жағдайында босануға көмектесті. Сөйтіп, қыз дүниеге келді. Утенова Балбупе Есенжанқызы баланың кіндігін қиып,  күтпеген жерден «Кіндік шеше» атанды. 
Содан кейін жедел жәрдем шақырған, бірақ сол кездегі жағдайларға байланысты  жедел жәрдем бір сағаттан кейін ғана жеткен.
Сәбиді босанған әйелдің есімі — Кенже, 1996 жылы дүниеге келген. Өмірге келген перзент оның екінші баласы екен. Утенова Б. Е., Нұржұманова Ж. М., Доскеева Ш. А. оның күйеуіне екінші рет әкесі атанғандығын хабарлап, әрі қарай өз жолдарымен кеткен.

 Адамдардың барлығы қашып, өз өмірлерін құтқаруға тырысып жатқанда Утенова Б. Е., Нұржұманова Ж. М., Доскеева Ш. А. адамдық борышын ұмытпай, өздеріне төнетін қауіпті ұмытып, осындай күрделі сағатта жаңа өмірдің пайда болуына көмектесті. 
Осы қысқа іс-сапарда Утенова Б. Е., Нұржұманова Ж. М., Доскеева Ш. А. ҚР БҒМ өкілдері ретінде тестілеудің ашықтығын қамтамасыз етіп қана қоймай, сонымен қатар, өз қауіпсіздігі мен басқаның өмірін құтқару мүмкіндігі арасында таңдау қажет болған қиын жағдайда АДАМ болып қалды.

Фото: www.ua-au.net

Комментарии:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *