ҚР Білім және ғылым вице-министрі тағайындалды

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен Мирас Мұхтарұлы Дәуленов Қазақстан Республикасының білім және ғылым вице-министрі лауазымына тағайындалды. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігі баспасөз қызметі EDU NEWS Telegram-каналында хабарлады.

ҚР Үкіметінің Қаулысымен Мирас Мұхтарұлы Дәуленов ҚР Білім және ғылым вице-министрі лауазымына тағайындалды. Вице-министр жоғары білім және ғылым мәселелерімен айналысады.

Мирас Дәуленов 1983 жылы Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласында дүниеге келген. С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін тәмамдаған, құқықтану магистрі, құқық саласындағы доктор (PhD).

Тағайындалғанға дейін 11 ЖОО кіретін Академиялық Адалдық Лигасы кеңесін басқарды. Лига ЖОО-да Академиялық адалдық принциптерін және оларды сақтау механизмдерін енгізеді.

Сондай-ақ, М.С. Нәрікбаев атындағы ҚазГЗУ университетінің ректоры қызметін атқарды.

ҚР Президентінің «Болашақ» Халықаралық стипендиясы бойынша Вроцлавский университетінің (Польша Республикасы) докторантурасын тәмамдаған.

Отбасылы, 1 баланың әкесі.

Комментарии:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *