Ресейде «Телеграм» мессенжері бұғатталды

    Мәскеудің Таганск аудандық соты 13 сәуір күні Ресей аумағында Telegram мессенжерін бұғаттау туралы шешім шығарды. Сот шешімі бойынша, Telegram қызметі компания «Федералдық қауіпсіздік қызметінің ақпаратты шифрлау кілтін беру талабын орындағанға дейін» шектелмек.

Сот шешімі дереу орындалуы тиіс. Компания сот шешіміне бір ай ішінде шағымдана алады. Мессенжерді бұғаттау туралы шағымды сотқа Роскомнадзор мекемесі түсірген.Роскомнадзор Telegram-да «террорлық ұйымдар қолданатын мәліметтер болуы мүмкін» деп, мессенжер қызметін дереу шектеуді талап еткен.

    Сотқа Telegram өкілдері қатысқан жоқ. Шағым бірнеше минут қана қаралды. 12 сәуірде мессенжердің негізін салушы Павел Дуров адвокаттарына сотқа қатысуға тыйым салған. Бірақ адвокаттар сот отырысын кейінге қалдыруды сұраған. Жұма күні сот ол талап-арызды қабылдамай тастады.

   Мұның алдында аталған мекеме Telegram мессенжерін ФСБ-нің сұрауымен бұғаттау туралы сотқа шағымданған. Бұған қоса мекеме мессенжер қолданушылары қалдырған жазбалардың құпия кілтін ФСБ-ге тапсыруды талап еткен. Өткен аптада мессенжер басшылығына берілген уақыт біткен.

Telegram ФСБ-ге қолданушылар жазбаларының құпия кілтін беру техникалық тұрғыда мүмкін емес екенін айтып, талапты орындаудан бас тартып отыр.

Дереккөз: sn.kz

Комментарии:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *