Ресми: Головкиннің 5-мамыр күні өтетін жекпе-жекке қарсыласы анықталды

WBA Super, WBC, IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин 5-мамырда жұдырықтасатын болды.

Головкиннің америкалық боксшы  Ванес Мартиросянмен жұдырықтасатыны мәлімденді. Жекпе-жек Карсондағы StubHub Center аренасында өтеді.

Айта кетейік, Головкин 5 мамырда Лас-Вегаста мексикалық Сауль Альвареспен жұдырықтасуы керек болатын. Алайда ақпанда Канелоның қанынан допинг табылып, мексикалық боксшы кездесуден бас тартты.

Кейін GGG-дің командасы Мартиросянмен кездесу өткізу үшін ұзақ уақыт бойы IBF-мен келіссөз жүргізді, себебі бұл ұйым Головкинінң украиналық Сергей Деревянченкомен жұдырықтасқанын қалады. Алайда IBF Головкин — Мартиросян жекпе-жегін ұйымдастыруға рұқсатын берді.

Комментарии:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *