Роналду Мадридті Туринге айырбастай ма?

«Ювентус» Роналдуды 7-шілде күні өз ойыншысы ретінде таныстыруы мүмкін», — деп хабарлайды  SportMediaset.

Осы бейсенбіде, яғни 5-шілде күні «Ювентус» президенті Андреа Аньелли, бас директоры Джузеппе Маротта, спорт директоры Фабио Паратичи және бас бапкері Массимилиано Аллегри қатысқан жиналыс өтті. Жиналыста Роналдудың трансферін жақын арада аяқтау мәселесі талқыланды. SportMediaset агенттігінің мәлімдесемесі бойынша, жиыннан кейін Маротта мен Паратичи «Реалмен» нақты келісімге келу үшін Мадридке аттанған. 

«Ювентус» Роналдуға жылына 30 млн еуро жалақы төлеуге дайын, ал трансферлік құны — 100 млн еуро.

Комментарии:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *