Сүйіскен қыздарды түсірген жігіт сотталуы мүмкін

Осы екі қыздың аймаласа сүйісіп тұрған сәтін желіде жариялаған жігіт сот алдында жауап беруі мүмкін. Қыздар моральдық шығын өтесін деген айыппен жігітті сотқа берген. Ал жігіт бұл қыздарға қатысты ойын былай жеткізген: «30 қаңтар күні киноға бардым. Сол жерде екі қыздың сүйісіп отырғанын көрдім. Оларға ескерту жасадым. Егер бұл істерін тоқтатпаса, желіге жариялаймын дедім. Бірақ олар мені тыңдаған жоқ. Сосын айтқанымдай істедім».

Естеріңізге сала кетейік, осыдан бірнеше ай бұрын Алматыдағы Esentai сауда үйіндегі кинотетар алдындағы түсірілген бұл бейне көпшіліктің ашуын туғызған болатын.

Комментарии:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *