Samsung қызметкерлері кездейсоқ мультимиллионер атанды

Оңтүстік Кореялық Samsung -тің Брокерлік корпорациясы кездейсоқ 105 миллиард долларлық акцияны қызметкерлеріне таратты. Компания акцияларға иелік ететін қызметкерлерге дивидендтер төлеуді жоспарлап отырған (шамамен $ 94). Samsung қызметкерінің қателігінің кесірінен  акционерлерге 2,8 миллиард қағаз ақша аударылып кеткен. Бұл көрсеткіш Samsung Securities-дың нарықтық құнынан 30 есе жоғары. Акцияларды алғаннан кейін бірнеше минут ішінде 16 қызметкер 185 миллион доллардан асатын шамамен 5 миллион бағалы қағазды сатып жіберген. Бұл Samsung компаниясының акцияларын 6 сәуірде бірнеше минут ішінде 12 пайызға төмендетуге әкелді. Оңтүстік Кореяның қаржы реттеушісі Samsung Securities-ге қарсы тексеру жүргізе бастады. Қатенің кінәлі және акцияларды сатқан қызметкерлер жұмысынан босатылды. Bloomberg бұл жайтты,  пернетақта батырмасын шатастырып басып жіберудегі ең ірі оқиға деп отыр.

Комментарии:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *