Сапаны бақылау мен бағалаудың жаңа жүйесі енгізіледі

Білім және ғылым министрлігі сапаны бақылау мен бағалаудың жаңа жүйесін енгізетін болады. Бұл туралы Үкімет отырысында Білім және ғылым министрі А. Аймағамбетов мәлімдәді. Мектепке дейінгі ұйымдар желісінің өсуін ынталандыру және балаларды қамту мақсатында 2011 жылдан бастап мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын лицензиялау тоқтатылды. Осы кезеңде мектепке дейінгі ұйымдар желісі 1,5 есе, жеке меншік ұйымдар – 7 еседен астам өсті. Сонымен қатар, қоғам тарапынан білім беру нысандарының материалдық-техникалық жабдықталуын және тәрбие үрдісінің сапасын сынға алу жағдайлары жиілеп кетті. Осыған байланысты мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының қызметін лицензиялауды кезең-кезеңмен енгізу жоспарланып отыр.

«Білім беру қызметінің төмен сапасын көрсететін мектептерді анықтау және оларға атаулы көмек көрсету мақсатында орта білім беру сапасына сараптамалық шолу жасау институты енгізілетін болады. Нәтижелері бойынша оқу-әдістемелік қолдауды, педагогтердің әлеуетін арттыруды, материалдық-техникалық жабдықтауды қоса қарастыратын білім беру сапасын жақсарту стратегиялары әзірленеді», — деді А. Аймағамбетов отырыс барысында. Сондай-ақ бұл шара қала мен ауыл арасындағы білім беру саласындағы көрсеткіштерді теңестіруге бағытталған айта кетету керек.

ҚР БҒМ сыртқы бағалау тетігін жетілдіруді көздеп отыр. Атап айтқанда, PIRLS, PISA, ICILS және т. б. халықаралық салыстырмалы зерттеулер құралдарына ұқсас функционалдық сауаттылықты өлшеуге бағытталған сұрақтардың мазмұнын қайта қарау жоспарлануда.

Ұсынылатын білім беру қызметтерінің сапасын арттыру мақсатында білім беру ұйымдарының түрлерін (мектеп, лицей, гимназия, колледж, ЖОО) ескере отырып, біліктілік талаптарын күшейту де жоспарланып отыр. Бұдан басқа, білім беру ұйымдарын бағалау критерийлері жетілдірілетін болады.

Комментарии:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *