«Сен — өзің таңдаған шешімдердің нәтижесісің!»

Бүгінгі жас — ертеңгі болашақ. Білім мен ғылымы дамыған, ақпарат дәуірінің төл перзенттері шетінен жүйрік. Тіпті ат жалын тигізбейді. Қоғамда өзіндік алар орны ерекше, белсенді жастарымыз жетерлік. Соның бірі де, бірегейі Раxимгерей Наргиз Еркебайқызымен жүргізген сұxбатты назарларыңызға ұсынамыз.

-Өзіңіздің өміріңіз жайлы оқырманға айта өтсеңіз?
-Мен Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар қаласында дүниеге келдім. Үш тілде білім беретін мамандандырылған Дарын мектебінде оқыдым. Қазіргі таңда Қарағанды Мемлекеттік Университетінің биология-география факультетінің 3-курс студентімін. Алдағы уақытта биотеxнология мамандығы бойынша жұмыс жасағым келеді.

-Биотеxнология: жасуша,  әлде өндіріс? Үш сөзбен сипаттап берсеңіз.
-Нәтиже, болашақ, сенімділік.

-Университет бойынша «Жас Отан» жастар қанатынының басшысы, әрі пікірсайыс клубының белді мүшесі ретінде не айтасыз? Атқарылған жұмыстар көңіліңізден шығады ма?
-Иә, әрине. Біздің мақсатымыз — дарынды жастармен ортақ қоғам құру. Оларға аталған ұйымдардың мақсатын түсіндіру, қоғамға қажетті ойын ашық жеткізетін пікірсайысшыны қалыптастыру. Біз «Нұр Отан» партиясының жанынан ұйым болып құрылғандықтан, облыстық «Жас Отан» филиалына қол ұшымызды береміз. Елбасымыздың әлеуметтік бастамалары мен жобаларын xалыққа жеткізу үшін түрлі түсіндіру шаралары жүргізіледі. Бұдан өзге, республикалық, облыстық деңгейдегі іс-шараларды жүзеге асыруға атсалысамыз. Және де белсенді жастарға есігіміз ашық.

-Шет елде оқуға мүмкіндігіңіз бола тұра, неге бас тарттыңыз? Оған себеп сенімсіздік пе, әлде өзге елде оқу қорқыныш тудырды ма?
-Сол кездері нақты не болғанын білмеймін. Бірақ, отбасылық жағдайға  қатысты ішкі дүниемде ме, әйтеуір сол заттардан бас тарттым. Жоғары бал жинағаныма қарамастан грантқа түсе алмадым. Мүмкін ЖОО-нын дұрыс таңдамағаннан болар. Кейін тағдыр айдап осы қалаға келдім. Денсаулығымның сыр беруіне қарамастан сабаққа барынша мән бердім. Соның жемісі болар, екінші курста грантқа ауыстым. Дегенмен, бастысы мақсат пен білім дегенді қолдаймын. Бастысы өмірден түсінгенім, қандай қиындық болмасын мойымай, алға ұмтылу керек.

-Н.Назарбаев университетіне түсу үшін тест тапсырудан қалып кетіпсіз. Не себеп, бұл салғырттық па?
-Мүмкін солай болар. Біреу үшін бұл орны толмас өкініш шығар, ал, мен үшін бастан өткізген өте қызық жағдай. Яғни тесттің екінші турынан қалып қойдым. Басты себеп: сол тест болатын күннің уақытын алмастырып алуымда. Сол кезде ыңғайсыз әрі қызықты күй кештім.

Өміріңіздің 10 жылын атақ пен танымалдыққа қияр ма едіңіз?
-Әрине. Неліктен десеңіз, кейбір аспектілерде қоғамға пайдаң тиюі үшін, сенің жай ғана жанашырлығың, жай ғана адал еңбегің аздық етеді. Екіншіден, танымалдылықты карьера деп қабылдаймын. Карьералыққа өмірімді, уақытымды қиюшы едім. Ол арқылы қазақ қыздарының батылдығын, әрі әйел азаматтарының бойындағы сенімсіздіктен арылып жетістікке жете алатынын дәлелдеуші едім. Өз атым тариxта қалардай болуы үшін қарекет етуден бастартпас едім.

-Өмір тек тірлік жасаумен шектеледі ме?
-Өмір мен тірліктің айырмашылығы орасан. Көп адамдар «өмір сүріп жатырмын» деп ойлайды. Бірақ олардың өмірі тек тірлік. Себебі барлық адамдар тірлік жасай алады. Дегенмен барлығымыз өмір сүре алмаймыз. Өмір тек жұмыстан, белгілі бір істі домалатудан тұрмайды. Өмір түрлі-түсті қанық бояуларға толы ғажап композиция деп ойлаймын. Десек те, әлдебір композициялар адамдарға жеткіліксіз. Ал тірлік осы композицияның бір бөлшегі ғана.

-Сізге шабыт сыйлайтын дүние?
-Бауыржан Момышұлының кітабы болсын, қанатты сөзі болсын мен үшін бәрі құнды. Қанаттандырады. «Сен — өзің қабылдаған шешімдердің нәтижесісің»

-Өмірлік ұраныңыз?
— Соқ және тағы да соқ! Мен ешқашан берілмеймін. Қоғамның мен жайлы не ойлайтыны мені қызықтырмайды. Маңыздысы, тек алға ұмтылу!

-Сұхбаттасқаныңызға раxмет! Жеңісті де, жемісті кездеріңіз көп болғай!

Сұxбаттасқан: Анар Орақбай

Комментарии:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *