Еліміздің мектептерінде бейнекамералар орнатылады

Елбасы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты халыққа Жолдауында балалар қауіпсіздігінің маңыздылығын ескеріп, бүкіл мектептер мен балабақшаларды бейнебақылау жүйесімен қамтамасыз етуді тапсырды.

Балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау  мектепке дейінгі ұйымның басты міндеттері екені анық.

Қазіргі уақытта балабақшалардың 58%-ында (3 589) ғана бейнекамера (37 373) орнатылған.  Ақтөбе (37%), Түркістан (38%), Қызылорда (39%) облыстары мен Шымкент және Алматы қалаларының (50%)  көрсеткіштері төменгі деңгейде.

Сондай-ақ мектептерде де бейнекамера орнату жұмысы баяу жүргізілуде. Бұл мәселе Солтүстік Қазақстан (43%), Қостанай (47%), Ақмола (50%), Батыс Қазақстан (66%) облыстарында да байқалды. Ал Атырау, Павлодар, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстары мен Алматы және Шымкент қалалары бейнекамера орнату жағынан көш бастап тұр.

Еске сала кетейік, Елбасының тапсырмасына сәйкес балабақшалар мен мектептерді бейнекамерамен қамтамасыз етуге үш жыл уақыт беріліп отыр.

Маржан АМАНГЕЛДИЕВА

Комментарии:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *