Шахмат ойынының құпиялары

Гроссмейстр Дәрмен Садуақасов шахмат неліктен іш пыстырмайды, ойын арқылы қалай ақша табуға болады және танымал қазақстандықтардың қайсысы өз ойындарымен белгілі деген сауалдарға ой тарқатты.

1.Шахматшылар – көзілдірік киген, әлсіз жігіттер деген стереотип қайдан қалыптасты?

Бұл стереотип әдебиет пен фильмдердің арқасында қалыптасса керек. Шын мәнінде, кәсіби шахматшылар физикалық тұрғыдан жақсы шыныққан. Кәсіби шахмат физикалық дайындық пен төзімділікті талап етеді.  Турнирлер 9-10 күн қатарынан, ал әр партия 6 сағаттан өтеді. Әр партияға дайындықтың болуымен қатар, өткен ойындарды талдап отыру аса маңызды. Төзімділіксіз үлкен нәтижелерге жету мүмкін емес. Сондықтан көптеген шахматшылар жүзумен, не болмаса ұзын дистанцияларға жүгірумен айналысады. Стереотиптер әр кезде шындыққа жанаса бермейді.

2.Шахмат әлемінде не болып жатыр, кім нөмір бір?

Бүгінгі таңда, әлем чемпионы норвегиялық вундеркинд Магнус Карлсен көш бастап тұр. Оның бойында жеңіске жетуге керекті бар дағды табылады: ішкі түйсік, ойда есептеу, ұтымды позиция таңдау, жоғарғы техниканы игеруі.  Оны Бобби Фишермен, Анатолий Карповпен жиі салыстырады. Магнустың маңайында бәсеке түсуге қабілетті, мықты шахматшылар көп. Олардың барлығы әлі 30 жасқа да жетпеген. Кейінгі уақытта шахматшылардың жасының кіші болуы — есте сақтау қабілетінің жақсы болуымен түсіндіріледі. Шахматшы  компьютермен дайындалған орасан зор талдауларды есте сақтауы тиіс.

3.Компьютерлер кәсіби шахматшылардан әлдірек пе?

2000 жылдан бастап, біз компьютерлердің ықпалының артуын байқап келеміз. Компьютер секунд ішінде миллиондаған қадамдарды санап үлгергендіктен, кім біліктірек ойнайды деген сұрақ туындаған емес. Компьютер позициялық  санақтан адам мүмкіндіктерінен асып түседі, тек есеп маңызды емес позицияларда ғана әлсіздік танытады. Бірақ ондай позициялар тек 1/10 жағдайда ғана кездеседі. Ең қызығы, жақында жасанды интеллект әлемдегі ең мықты шахматтық программаны жеңді. Егер компьютерлік программа қадамдарды іріктейтін болса, жасанды интеллект мүлде басқа алгоритммен жұмыс істейді. Бұл шахматтағы жаңа деңгей.

4.Енді не болмақ?

Алдағы 15-20 жылда шахмат спорт түрі ретінде есептелмей кетуі әбден мүмкін. Бірақ, бүгінгі күннің өзінде, шахмат білім саласында өзінің орнықты орнын тапты. 2018 жылдан бастап көрші Ресей мемлекетінде шахмат міндетті пән ретінде оқытылып, мемлекеттік емтихандар қатарына кірді.

5.Қазақстанда шахмат қалай дамып жатыр?

Өте серпінді дамуда. Біздің жас шахматшылар: Динара Сәдуақасова, Жансая Әбдімәлік, Жанат Сайын, Бибисара Асаубаева және т.б. балалар мен оқушылар арасындағы әлем чемпионатында 30-дан аса медаль жеңіп алды.  Біздің әйелдер құрамасы үздік ондыққа кіреді. Әлі де жетер белестеріміз көп.

6.Танымал қазақстандықтардың қайсысы шахмат ойнайды?

Көптеген танымал қазақстандықтар шахматты әуесқой деңгейде ойнайды. Мәселен, ҰҚП Басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов спорт шеберлігіне үміткер. 2000 жылдары ол шахмат федерациясының президенті болған кезде біз блицті тең дәрежеде ойнадық.

Тағы бір танымал әуесқой ойыншы Қазақстан мен Белоруссияның елшісі – Ермұхамед Ертісбаев. Онымен мен алғаш рет көп жыл бұрын бірдей сеанста ойнағанмын. Ол шақта мен қызуланып, оған екі  тура мен фора берген болатынмын. Ертісбаев мені оңайлықпен ұтып кетті.  Бірнеше жыл бұрын іссапармен Грузияға бардым. Ертісбаев мені елшілікке шахмат ойнауға шақырды. Біз көп партиялар ойнадық. Мен оған фораға фигура бердім. Фораны есептегенде ойын тең өту үшін, фигуралардың айырбасталуынан қашқақтап, біраз қиналуыма тура келді.

7.Балаларға неге шахмат ойнап үйрету керек?

Шахмат ойыны көптеген дағдыларды жаттықтырады – есте сақтау қабілетін, логиканы, зейін қоюды, жалпы ойлауды, креативтілікті. Басқа да қажетті дағдыларды қалыптастыруға мүмкіндік береді. Мәселен, шешім қабылдау қабілетін. Шахматта сен өзін үшін жауаптысың және шектеулі уақыт аралығында шешім қабылдап үлгеруің тиіс. Әсіресе бұл болашақ басшыларға, бизнесмендерге пайдалы. Шахмат ойнайтын оқушылардың басқа сабақтардан оқу үлгерімі де жақсарады. Мәселен, жеке өзімде әдебиет пәнінен еш мәселе туындаған емес. Мен кітаптарды тез оқып, өлең жолдарын сабақ үстінде жаттауға қабілетті болатынмын. Сонымен қатар, шахмат арзан, әрі экономикалық тұрғыда өскелең ұрпақ тәрбиесі үшін тиімді құрал. Қымбат стадиондар мен алаңдар құрастыруды қажет етпейді. Ауылды аймақ туралы айтар болсақ, қаржы тапшылығы мәселесі туындаса, шахмат  күресуге арналған тиімді  жауап.

8.Ал шахматтан ақша табуға болады ма?

Кәсіби шахматшылар жақсы табыс табады. Жүлделі фондтар ірі турнирларда жүз мыңдаған долларлар, ал чемпиондық атаққа арналған матчтарда бірнеше миллиондар бөледі. Екінші жолы– жаттықтыратын, білім беретін процесстер. Балаларды оқыту және кәсіби дайындық процессі спонсорлар мен ата-аналардың балаларының болашағы үшін жасаған инвестициясына байланысты.

9.Шахматты ақшаға ойнайды ма?

Иә, шахматты қызығушылыққа ойнайды. Әсіресе, парк пен клубтарда әуесқой шахматшыларды байқауға болады. Бірақ, карта сынды азартты ойындармен салыстырғанда мүлде басқаша. Сіздерге қызықты жағдай туралы айтып бере аламын. Мен 2005 жылы Копенгагенде ірі турнирде жеңіске жеттім. Турнир аяқталып, келесі күні әкеммен серуендеп жүргенде, әуесқойлардың шахмат ойнап отырғандарын байқадым. Жақындап, қалжың ретінде бірге ойнауға бола ма деп сұрадым. Олар ақшаға ойнап отырғандарын, бір партия – 20 евро екендігін алға тартты. Мен келісе кеттім де, әрине, жеңіске жеттім. Ол маған мұқият қарап: «Жігітім, қайдан боласың?»-деп сұрады. Мен Қазақстан деп жауап қаттым. Ал ол болса: «Кеше Дания құрамасының жетекшісін күйреткен сен емес пе? Онда 20 евроны мен саған бермеймін»,- деп қайырды.

Дайындаған: Дана Алиева

 

Комментарии:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *