Шет елге шығу мүмкіндігі шектелген тізімге кірмеу үшін не істеу керек?

Сізге шетелге шығуға тыйым салынғанын қалай білуге болады?

Сапарға шығар алдын Сіздің ешқандай қарызыңыз болмағаны абзал. Ол жайлы қарыздар тізімін жүргізілетін Әділет министірлігінің сайтында тексеруге болады. Екі жағдайда Сіз шетелге шыға алмауыңыз мүмкін:

  • шетелге шығу тыйым салынған қарыздар;
  • атқару өндірісі бойынша қарыздар.

Осы тізімнің екеуін де тексеру дұрысырақ.

Кімге және не себепті шетелге шығуға шектеу болуы мүмкін?

Мемлекет шекарасынан шығуға рұқсат бермеуінің негізгі себебі — салық бойынша мемлекет алдындағы қарыз, айыппұл немесе сотқа жолыққан басқа адамдар алдындағы қарыз болуы мүмкін. 700 тенгеден асатын төленбеген қарызы бар немесе сот бұл қарызды төлетуге қаулы қабылдаған адамдар түседі.

Заң бойынша, 33 бапқа сәйкес, 20 АК сомасынан асатын қарыз болса немесе 3 айдың ішінде төлемді өткізбегені жағдайында сот орындаушысында ҚР шекарасынан уақытша шектеулігі жайлы үкім шығаруына құқығы бар. Сот шешімін мақұлдауынан кейін сіз қолынызға қаулы көшірмесін аласыз. Дерекқорда сіздің қарызыныздың жапқаны бойынша растауы болмағанына дейін сізді шекара шегінен тыс жібермейтін ҚР ҰҚК-ге де қаулы көшірмесі түседі.

Егер берілген күн ішінде қарыз жабылмаған болса, сот орындаушысы үш жұмыс күні ішінде ақпаратты қарыздар тізіміне жібереді.

Шетелге шығу тыйым салынған қарыздар тізімінен қалай шығуға болады

Айыппұл, баж салығын, жетімақы, коммуналды қызмет көрсету және тағы да басқа қарыздарын жабу керек.

Атқару өндірісі тоқтатылған кезден бастап уақытылы шетелге шығу шектеуі жойылады. Егер атқару өндірісі Заңның 47 бабына сәйкес аяқталған жағдайында, қосымша 10%  төлеу қажет болады. Заңның 36 бабына сәйкес, атқару өндірісі тоқталғаннан кейін, 5 күнтізбелік күн ішінде сот орындаушысы қарыз адамды тізімнен өшіруіне негіз болатын қажетті ақпаратты жібереді. Тізімнен шығуға қажетті шара қолданғанын растайтын құжат — ол атқару өндірісінің аяқталуы туралы қаулы немесе уақытша шектеуді жою жайлы қаулы.

Сапарды жоспарлаған кезде бар болған қарыздарды сапар күнінен 10-15 күн бұрын алдын-ала өтеу қажет. Төлемнен кейін дәлелдейтін құжаттардың болуы жеткіліксіз, сонымен қоса сізді тізімге енгізген сот орындаушысына да хабарлау қажет.

Қандай жағдайда шетелге шығу тыйым салынған тізімге түсуден қауіптенудің қажеті жоқ

Егер:

  • Қазіргі таңда сіз сот процесіне қатыспасаңыз және қатыспаған болсаңыз;
  • Салық бойынша қарызыңыз жоқ болса;
  • Айыппұл бойынша қарызыңыз жоқ болса:
  • Жетімақы бойынша қарызыңыз жоқ және бұдан бұрын болмаса.

Дереккөзі: egov.kz

Комментарии:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *