«Шопыр қатын» деген кім өзі?

«Қатын» сөзін Мұқағалидан асып талдаған ешкім жоқ шығар…

Бірде Мұқағали қатты қызу, көшеде такси ұстап тұрса, қасына бір такси тоқтаған екен. Сонда Мұқағали:
— Шопыр бала, Шопыр бала! Машинаң да орын барма отырғанға? — десе, рульде отырған (сол кездегі ең алғашқы таксист əйел екен) әйел:
— Мен саған бала емеспін, — депті.
Сонда Мұқағали тағы да:
— Шопыр қыз, Шопыр қыз! Онда мені машинаңа отырғыз, — депті.
Əйел тағы да:
— Мен саған қыз емеспін, — депті.
Мұқағали əйелдің бетіне қарап:
— Шопыр қатын, Шопыр қатын! Машинеңде орын барма отыратын?! — депті. 

Ашуға булыққан əйел: — Немене, келіншек десең тіліңе жара шығама, қатын деп қақылдамай? — десе, Мұқағали:
— Əй қалқам, «қатын» деген сөздің түп төркінін түсінбеген жан екенсің.
«Қатын» деген қасиетті бес əріптен құралған:
Қ — дегенім — қадірлім,
А — дегенім — ардақтым,
Т — дегенім — тынысым,
Ы — дегенім — ырысым,
Н — дегенім — намысым! — деген екен.
Сонда əйел, «Отырыңыз аға! Ендігі жерде қатын болып жүрейін!» — деген екен… 

Ал «қатын» сөзіне келер болсақ, бұл сөздің бірнеше статусы бар. Омар Жәлелұлы айтқандай, Бірінші мағынасы, Ел басқарған Қағанның әйелін Қатын дейді. Батыс үлгісіне салар болсақ Қаған — Император, Қатын — Императрица. Қарахан дәуірінен қалған Бабаджа Қатын кесенесі осының дәлелі. Екінші мағынасы, қыздық ғұмыры аяқталып, ер-азаматтың етегінен ұстап, байға тигенде әйел затының қатындық ғұмыры басалады. Үшінші мағынасы, әлгі батырлардың бір-бірін жекпе-жекке шақырған кезде айтатын «батырсың ба,әлде қатынсың ба?» деген сөзінен көрініп тұр. Бұл жердегі «қатын» енді Нәпсі мағынасында. Қазақ өз нәпсісін тыя алмаған ерекекті «қатын» дейді. «Қатын бастаған көш оңбас» деген мақал осыны меңзейді. Өзінің тойымсыз, обыр нәпсісіне ие бола алмаған Басшы — Елдің соры; ол ақыр түбінде сол Елді құртып тынады. Ал өз нәпсісін игеріп, бағындыра алған адамды қазақ Ер дейді. Ол еркек болуы да мүмкін, ұрғашы да болуы әбден мүмкін. Айтқан сөзінде тұратын, қақ-соқпен ісі жоқ, сөзі мен ісі бір жерден шығатын ұрғашыны қазақ Ер мінезді әйел дейді. Әйелдігін (нәпсісін) жеңіп, адамшылықтың, мәрттіктің шыңына көтерілген Аналарымыз Ел анасы деңгейіне көтеріліп, көш бастамақ түгілі бір рулы елдің ұранына айналғанына кәрі тарих куә. Кешегі өткен Қарқабат Ана, Домалақ Ана, Абақ Аналар осының айғағы. Қатындық — білімсіздіктен туады, Жанының азығын бермей, қу нәпсісін семірте берген адам Қатынға айналады. Ғұлама Ахмет Иүгінеки өзінің «Ақиқат сыйы» атты кітабында : «Білімді әйел — Ер, білімсіз ерекек — қатын» дейді. Сондықтан сөздің байыбына бармай, «қатынша тілмен шаптықпай, майданға түссе жарасар» (Абай) дегендей, білім майданына түсіп, атадан қалған асыл сөздерімізді түзеген кезде ғана, қоғамымыз түзеліп, қалпына келеді.

Комментарии:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *