Шығармашылық мамандықтан кеш қалмаңыздар!

Жас түлектер, сіздерді журналистика мамандығына шақырамыз!

Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті «Журналистика» және «Қоғам мен байланыс» мамандықтарына құжат тапсыру мерзімі 2018 жылдың 7 шілдесіне дейін жалғасады. 

Құжаттар тізімі:

  1. Аттестат (Толық оқу мерзіміне түсетіндер үшін 4 жыл (күндізгі) немесе жоғарғы оқу орнын (2 жыл) немесе орта білімнен кейінгі (4 жыл күндізгі), теxникалық және кәсіптік оқу орнын (3,4 жыл), бітіргені туралы диплом (қосымшасы бар түпнұсқа +2 көшірмесі);
  2. 3×4 көлеміндегі 8 фотосурет;
  3. 086-У түріндегі медициналық анықтама; 
  4. 063-У егу картасының көшірмесі;
  5. Жеке бас куәлігінің немесе төлқұжаттың 2 көшірмесі; 
  6. ҰБТ (КТ) тапсырғаны туралы мемлекеттік сертификат (ағымдық жылда мектеп бітіріушілер үшін (түпнұсқа +2 көшірмесі);
  7. 1 тез тігіндегіш, 2 пошта конверті (маркасыз);
  8. Оқудың ақшасын төлегені туралы түбіртек (ақылы оқу негізіне түсетіндер үшін);
  9. Тіркелген куәлік немесе әскери билет+2 көшірмесі (күндізгі оқу түріне түсетін жас жігіттер үшін);
  10. Мекен-жай анықтамасы;
  11. Жұмыс орнынан анықтама (туыстас мамандықтарға түсетін, грантқа үміткер колледж түлектері үшін)

Грант иелену үшін «Қазақстан тариxы» және «Оқу сауаттылығы» пәндерінің баллдары есептеледі. Сонымен қатар, арнайы шығармашылық емтиxандар болып, сондағы баллдар қосымша есептеледі.

ҰБТ-дан төмен балл жинап қалып, қалаған мамандығына түсе алмай қалған Түлектерге шығармашылық емтиxан бар. Бұндай мүмкіндіктер өте тиімді болмақ!

Шығармашылық емтиxандар қай күні болатынын мына нөмерден біле аласыздар: +7 701 684 4829

Түлектер, асығыңыздар! Кеш қалып қоймаңыздар! 

Комментарии:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *