Шымкентте өлі табылған ұстазға қатысты жаңа деректер анықталды

28 жастағы информатика пәнінен сабақ беретін Такирхан Абишев сенбі күні білім ошағында өз-өзіне қол салған болатын. Асылған күйінде оны 11 сынып оқушылары тапқан. Информатикадан бөлек, ұйымдастырушы ретінде жұмыс істеп жүрген ұстаз сол күні түске дейінгі өтетін отбасылық эстафетаны өткізіп, ертеңіне болатын спорттық сайыстарға дайындалу үшін қалған екен.

«Таңертең ол әдеттегідей көтеріңі көңіл күймен келді. «Анам, әкем және мен» атты эстафетаны өткізді, ал түсте осындай бақытсыздыққа ұрындық. Балалар дайындық сынағын тапсырып болған соң, физика-математикалық лабаротория орналасқан кабинетке кірді. Бірден жедел жәрдем шақырдық, бірақ тым кеш болды. Барлық оқытушылар мен оқушылар оны жақсы көрген едік», — дейді №90 жалпы білім беретін орта мектеп директорының орынбасары Шахноза Сейітқұлова.

Әріптестері Такирханның қарыз, не болмаса несие туралы айтқанын естіген емеспіз дейді. Былтыр туған інісі қайтыс болып, биыл соның жылын өткізген соң марқұм күзге қарай үйленбек болған екен.

Мұғалімнің асылып тұрған денесі табылған кабинетті жауып, мөрлеп тастаған. Енді полицейлер бұл оқиғаға байланысты тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Белгілі болғандай, жақындары жас мұғалімді ақтық сапарға шығарып салған. Марқұмның туыстары мектепке еш наразылықтары жоқ екендігін хабарлады.

«Такирхан Мақтаарал ауданының тумасы. Шымкенгтте мына Асар ықшамауданында тұрды. Төрт жыл сол мектепте жұмыс істеді. Оны үнемі мақтайтын еді, еш сөгіс естіген емеспіз. Мектепке еш шағымымыз жоқ. Туғандары денесін ауылға алып кетті – деді марқұмның туысы Әкімбек Көшекбаев.

Мектеп фойесінде еске алу бұрышы ұйымдастырылды. Такирхан Абишевтың фотосының маңайында көптеген алғыс хаттар мен шығармашылық конкурстарда атқарған жұмысы үшін берілген мақтау қағаздары қойылды.

Комментарии:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *