Шымкентте жас мұғалім мектеп кабинетінде асылып қалған

 Бұл қайғылы оқиға Шымкенттегі Асар ауданында 21 сәуір күні орын алған екен. Информатика пәнінен сабақ беретін 27 жастағы жігіт мектеп кабинетінде асылып қалған. 

Оқиға орнына полицейлер мен жедел жәрдем бригадасы шақырылған. Дәрігерлер педагогтың өлімін тіркеуден артық ешқандай шара қолдана алмады. Алдын ала болжам бойынша, 1990 жылғы мұғалім өз-өзіне қол салған. Оның қоштасу хатын жазған-жазбағаны әзірге айтылмай отыр. Іспен тергеушілер айналысуда.

Комментарии:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *