Сіз телміре үңілдіңіз…

Авторы: Ақерке ӘБДІКӘРІМ

Сіз телміре үңілдіңіз,
Мен күлімдеп қарадым.
Сіз сезімге жылындыңыз,
Мен суықтап барамын.

Ақыл айта бердіңіз көп,
Мен балаша жүгірдім.
Сіз жаныма келгіңіз кеп,
Мен қашқақтап, жұмылдым.

Қош бол десем, «Сәлем» дейсіз,
Өзі қандай адамсыз?
Бір жұмбақтау әлемдейсіз,
Кім боласыз маған сіз?

Сіз де жалғыз, мен де жалғыз,
Біз дарамыз, аға, шын,
Өнер дейтін елде бармыз,
Жырмен таптық жарасым.

Ұнатқан ба, жұбатқан ба,
Сөздеріңіз бір түрлі-ақ.
Жақыннан да, жырақан да,
Көп қарайсыз жылтыңдап.

Үнсіздікті әдеп көріп,
Үндей алмай қаламын.
Алдыңызда әлек болып,
Жасырынар жанарым.

Комментарии:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *