Сіздің жадыңыз жасырған құпиялар

Солка университетінің нейрофизиологтарының паймдауынша, адам жады 5-тен– 20 петбайтқа дейінгі аралықта ақпарат сақтауға қабілетті. Бұл барлық жаһандық желінің көлемімен тең. Алайда, күнделікті ұсақ-түйекті есте сақтамайтынымыз баршаға аян. Мәселен, сағатқа қарап, бірден уақытты ұмытамыз, ұстап тұрған телефонды қайда қойғанымызды білмей дал боламыз. Иә, бұндай жағдайлар жиі кездесіп жатады.

Назарларыңызға адам жадына қатысты 8 қызықты зерттеу нәтижелерін ұсынамыз.

  1. Фотосуреттер есте сақтауға кедергі келтіреді

Калифорниялық университеттің ғалымдары тәжірибе өткізіп, фотосуретке түсірілген объекттер тез ұмытылатынын дәлелдеді.

Олар 50 студентті 3 топқа топтастырып, барлығына бірдей суреттер көрсеткен. Алғашқы топ объектті смартфонмен суретке түсірсе, екіншісі – суретке түсіргеннен соң, бірнеше минутта суретті өшірген, ал үшінші топ объектті жай ғана бақылап тұра берген.

Біршама уақыттан соң, студенттерден көргендері жайлы сұрастырғанда, тек үшінші топ қана объектті толыққанды сипаттай алды.

  1. Біз шын болған оқиғаны емес, бізді алаңдатқан дүниені ғана есте сақтаймыз

Нобель сыйлығының лауреаты, психолог Даниель Канеман адамның жады феноменын зерттей келе, бізде екі «мен» бар деген шешімге келді. Бірі – тәжірибемізді, ал екіншісі – ол туралы естеліктерді сақтап, оған баға береді. Бұл екі «мен» көп жағдайда мүлдем сәйкес келмейді.

Мысал ретінде, ғалым тәжірибеге қатысқан бір адамның сөзін келтіреді. Ол адам 20 минут бойы концертте керемет симфонияны тыңдап, тынығып қалса да, ең соңғы сәтте естіп қалған шықыр дыбыс барлық концертке қатысты пікірін өзгертіп, жақсы әсерін жойып жібереді.

  1. Жадының да протезі бар

Оңтүстік Калифорния университетінің ғалымдары ми имплантатын ойлап тауып, сынап үлгерді. Бұл жасанды мүше болашақта әрбір адамның жадына үлкен білім қорын жинақтауға мүмкіндік береді.

Сынақтар эпилепсия мен Альцгеймер ауруына шалдыққан науқастарға өткізілген. Тәжірибе барысында, имплант адамдардың есте сақтау қабілетін 37 %-ға арттырған.

  1. Депрессия естеліктерді өшіреді

Германиядағы Рур университетінің нейробиологтары депрессияның адам миына беретін әсерін есептеп шығаратын алгоритм ойлап тапты.

Тәжірибеге бірнеше депрессияға шалдыққан еріктілер қатысты. Нәтижесінде, ғалымдар, терең депрессия бұрын болған естеліктердің бір бөлігін өшіре алатындығын дәлелдеді.

Ұзақ уақыт бойы жабырқау күйде жүрген адамның жаңа жүйке тамырлары баяу қалыптасады. Тиісінше, жадыда өзгерістер пайда болғандықтан, бұрын болған естеліктер ұмытылады.

  1. Кейбір естеліктер жалған болуы мүмкін

Естеліктер жадымыздан өшкен соң, олардың орнын бос қалдырмау үшін, психикамыз бос орынды болмаған естеліктермен толтырады. Бұндай құбылысты конфабуляция деп атайды. Көп жағдайда, ондай естеліктер бұрын болған жағдайларға ғана қатысты. Мәселен, балалық шағымызды еске алғанда. Алайда, «жады галлюцинациялары» тым жиі болып кетсе, міндетті түрде дәрігерге қаралған жөн. Себебі, бұл басталып келе жатқан амнезияның белгісі.

  1. Жаман естеліктерді өшіретін дәрі бар

АҚШ-та орналасқан Джон Хопкинс атындағы университет ғалымдары тышқандарға тәжірибе өткізіп, мидағы жаман естеліктерге жауап беретін ақуыз қосындыларын тапты. Ғалымдар бұл ақуыздарды дәрінің көмегімен жойғанда, жаман естеліктер жадыдан өшірілген.

Бұл методиканың көмегімен постравмалық депрессияны емдеуге және тәуелділіктерден арылуға болады.

  1. Естеліктерді «жүктеуге» және басқа миға жеткізуге болады

Елестетіңізші, сіз жаңадан шет тілін үйренуге барғанда, оқытушы бір ғана сабақта барлық білімін сіздің миыңызға «жіберсе»… Солайша, сіз бейтаныс тілде бір минутта-ақ сөйлеп кете бересіз. Керемет емес пе?! Болашақта бұл біздің шындығымзға айналып, оқу процесінің уақыты әлдеқайда қысқаруы мүмкін.

Лос-Анджелестегі Калифорния университетінің ғалымдары молюсктің жадындағы ақпаратты РНК молеклулалары арқылы шығаруды үйренді. Молюсктардың нейрондық жүйесі адамдарға қарағанда, әлдеқайда оңай. Алайда, ғалымдар дәл осы алгоритм бойынша, адам жадына да ақпаратты жіберуге болатындығына толық сенімді.

  1. Кеш ұйықтайтын адамдар Альцгеймер ауруына жиірек шалдығады

189 еріктіні тексергеннен соң, Вашингтон университетінің ғалымдары Альцгеймер ауруының жаңа белгісін анықтады. Пептидтер жадының нашарлауына ғана емес, адамның түнде тыныш ұйықтауына және күндізгі уақытта ұйықтамай жүруіне кедергі келтіретін болып шықты.

Таңғы уақытта оңайлықпен тұрып, түнде ерте ұйықтайтын адамдар кәрілікте жадының құлдырауына әкеліп соғатын ауруларға аз шалдығады.

Комментарии:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *