Спойлер таратып жүрген арандатушы топ іздестірілуде

«Тақтар ойыны» сериалының маусым финалының алдында еліміздің бірнеше қаласында бейбіт көрерменге спойлер шабуылы жасалды. Алдын ала көріп алған арандатушы топ сериал фанаттарына алдын ала ақпарат беріп, іріткі салуда. Қазір бұл спойлершілер жан-жақты іздестірілуде. Арандатушылармен тиісті органдар айналысып сазайын беретін болады. 

Оқиғалар тізбегі:

АЛМАТЫ. Бетперде таққан белгісіз біреулер Жароков-Водозаборный көшесінде орналасқан блогерлер штаб-пәтеріне кіріп келіп, соңғы бөлім спойлерлерін айқайлап кеткен. Психологиялық травмаға ұшыраған Д.З және Е.Б атты блогерлерге қазір психологтар көмектесуде.

АҚТӨБЕ. Жайдарман аймақтық лига ойынында сахнаған шыққан бір ойыншы шыдай алмай «Ең соңында Джон Сноу бар ғо, Джон Сноу…» деп айқайлап жатқан жерінен бір командаласы тарапынан соққыға жығылды.

ШЫМКЕНТ. Сериалдың бұрынғы бөлімдерін талқылау және сезон финалына болжау жасау мақсатында саунада жиналған сериал фанаттарына жезөкше кейпінде кірген спойлерші қыз маңызды 3 спойлер айтып, артынша ізін суытып үлгерген.

АТЫРАУ. «Тамаша» сауда орталығында белгісіз біреулер «Сайлаубек ән айтады» деп халықты жинап, дыбыс күшейткіштер арқылы спойлер таратып, белгісіз бағытқа қашып үлгерген.

АСТАНА. Тікелей эфир кезінде Еуразия арнасының жаңалықтарына телефон арқылы хабарласқан көрермен 8 секунд ішінде маңызды спойлер айтып үлгерген.

ҚАРАҒАНДЫ. Қалалық парк алдында оқушы қыз киімін киген белгісіз топ қала тұрғындарына қос тілде жазылған спойлер қағаздарын таратқан.

ҚЫЗЫЛОРДА. Ешқандай оқиға тіркелмеді.

АЛМАТЫ. Футбол матчында тиін киімін киген белгісіз бір арандатушы спойлерлер жазылған қағаздарын трибуналарға шашып болғасын, қашу сәтінде қақпа маңында тәртіп сақшылары тарапынан ұсталды.

АҚТАУ. Суық және ыстық су көрсеткіштерін тексеруші кейпінде тұрғын үйлерді арлап жүрген спойлерші соңғы 3 бөлімін әлі көрмеген қала тұрғындарына психологиялық соққы жасап үлгерді.

Комментарии:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *