Стамбулға саяхатты жоспарласаңыз мұны Сізге білу қажет!

Саяхаттауды кім жақсы көрмесін. Күнделікті қарбалас өмірмен күй кешпей алыс сапарға шығып тұрғаныңыз өзіңізге пайдалы. Елімізде көрікті табиғаты шұрайлы жерлер өте көп, бірақ шетелдің аты шетел.

Біз Cізге телесериялдан теңізіне ғашық болып жүрген  Түркия мемлекетінің Стамбул қаласына саяхаттауды ұсынамыз.

Стамбул шаһары адамды бір көргеннен баурап алады. Түркияға турлар басқа курорттармен салыстырғанда қалта көтерерлік және де арзанырақ студенттік және т.б саяхатшыларға тиімді турлар ұсынылған. Керемет демалыстың көркі жағалаудың жанында орналасқан бес жұлдызды VIP қонақүйлер де бар.
Түркиядағы демалыс уақытыңыз бір айдан аспаса, виза жасамасаңыз да болады. Бару үшін шетелдік төлқұжатыңыз болса жеткілікті. Ал кәмелет жасқа толмаған балалар баратын болса онда ата-анасының төлқұжатына  баланың 3х4 суретін жабыстыру керек. Құжаттарыңызды өзіңіз тұратын жердің миграциялық полиция бөлімінде  жасауға болады. Егер де бала ата-ананың біреуімен ғана баратын болса екінші ата-ана сенімхат жазуы тиіс. Ал бала  өзге адаммен шығатын болса, баланың шетелдік құжаты немесе нотариус арқылы тіркелген сенімхат болуы керек. Міне осылайша Түркияға жасалатын саяхатыңыздың құжаттары  рәсімделеді.
Стамбул Түркияның ең үлкен қаласы. 2010 жылдан бастан Стамбулға «мәдениет астанасы» деген атақ берілген. Стамбул – Мәмір теңізінің жағалауында, Босфор бұғазының қос жағасында орналасқан заманауи стильде  көркем биік ғимараттарымен ерекшеленеді.
Стамбулға екі бағытта билеттер 100 000 теңге шамасында.
Түркияның табыс көзінің бірі туристер екені белгілі. Сондықтан да олар ақшаны тек өз түрік лирасын ғана емес, еуро, доллар да қабылдайды. Мейрамханалардан шәй немесе кофені 30 центтен 2 долларға дейін тапсырыс бере аласыз.Етті 5 долларға, нанды 1 долларға алуға болады.
Стамбулда метро, автобус, фуникулер, паром, миниавтобус, мармарис, долмыш деген түрлі-түрлі қозғалыс түрлері бар. Барлық көлік құралдарына IstanbulCard  деген пластик картасы қолданылады. Картаның құны 10 лира, біздің ақшамен 700 теңге болады. Айлық картаның құны 100-150 лира. Оны қаланың қалланың үлкен аялдамаларынан сатып алуға болады.
Барлық саяхатшыларды үй мәселесі алаңдататыны анық. Қарапайым қонақ үйге күніне 10 доллар төлеп тұруға болады. Егер бұдан арзандау үй  тіпті тегін керек десеңіз, «Couchsurfing.com» немесе «airbnb.com» сайттарының көмегімен білде аласыз. Сайт арқылы сіз баратын отбасыңыз туралы толық ақпарат беріп, skype арқылы сөйлесе аласыз. Жолыңыз болсын. Саяхатыңыз сәтті болсын!
Дияна Сағымбекова

Комментарии:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *