Студенттің құлағында құлаққап «жарылып» кетті

Бразилиялық студент ұялы телефонын қуат көзіне қосып, пайдаланып отырған жерінде электр тогының соққысынан жан тапсырды. Дәрігерлер қайтыс болған қыздың құлағында құлаққап жарылып кеткен деп хабарлайды Mirror агенттігі.

17 жасар Луиза Пинейроны кешкі сағат 5 шамасында ес-түссіз жатқан жерінде тапқан. Туыстарының айтуынша, оның телефоны электр тогының әсерінен толықтай өртеніп кеткен. 

Оқиға кезінде далада жаңбыр жауып, найзағай ойнаған. Өлімнің нақты белгілері анықталу үстінде. 

Комментарии:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *