Тұмауды бір тәулікте қалай емдеуге болады

Күздің қоңыр салқыны сезіле бастаған шақта тұмауратушылардың саны күрт көбейетіні белгілі. Сондықтан одан сақтана білген жөн. Тұмау – тыныс жолдарының жұқпалы вирустық ауруы. Ол бірте-бірте қалыптасатын дерт. Тұмаудың алғашқы белгілері: мұрын жолдарына кірген вирус салдарынан туындаған жедел ринит пен жиі түшкіру; тамақтың жыбырлауы; денедегі әлсіздік; баяу көтерілетін дене қызуы. Егер де бұл белгілерді байқасаңыз, төмендегі кеңестерге құлақ асыңыз.

Тынығып жүріп емделіңіз

Тұмауратқан болсаңыз, сыртқа шықпай, үйде емделгеніңіз жөн. Солайша, ағзаңызға қолдау көрстеіп, сапалы ем ала аласыз. Дене қызуын дәрі-дәрмектермен түсіруге асықпаңыз, 38-ге дейінгі температура – иммундық жүйеңіз вирустармен күресіп жатқандығын білдіреді.

С дәруменін көбейту керек!

Интерферон – торларды вирустан қорғайтын ақуыз, ол С дәрумені арқылы түзіледі. Бұл дәруменді көбейту арқылы, иммундық жүйеңізге көмек бересіз.
Жемістер (апельсин, алма, киви, лимон, грейпфрут, құрма) мен көкөністерді (қырыққабат, пияз, сарымсақ) жеңіз. Ауыр, ақуызы мен майы көп тамақтардан уақытша бас тарту керек. Себебі, оларды қорыту үшін ағза көп энергия жұмсап, инфекциялармен күресуді тоқтатады.
Құрамында С дәрумені бар көптеген сусындар бар: лимон, таңқурай, қарақат қосылған шай; итмұрын қайнатпасы – қалаған дәміңізді таңдай аласыз. Бастысы, күніне 1,5-литрға дейін көп су ішіңіз. Сусыныңыз ыстық емес, жылы болғаны абзал.

Жедел ринит (мұрыннан су ағуы)

Егер оны емдесе 7 күнде, емдемесе бір аптада кетеді деген теріс түсінік бар. Мұрын жолдарынан кірген микробтармен күресуді қолға алмаса, ауру шегінбей, асқына түседі.
Осы орайда, сіздің міндетіңіз – арнайы қоспалармен мұрынды шаю.

Тамақты емдеу

Тамақтағы жағымсыз жыбыр – тұмаудың алғашқы белгілерінің бірі. Егер оған мән бермесе, ол жөтелге айналып, кейін бронхит немесе басқа да ауруларға дейін асқынуы мүмкін.
Өте тиімді, әрі қолжетімді, зияны жоқ жолдардың бірі – тамақ шаю. Мәселен, түймедақ қайнатпасымен, не болмаса йод пен тұз қоспасымен тамақты шаюға болады.

Ингаляция 

Ингаляциялар қоюланған қақырықты жібітіп, қабынған тыныс алу жолдары мен мұрынды тыныштандырады. Ингаляцияның да бірнеше түрлері бар: картоп пісірген сумен; түймедақ, шалфей, емен қабығымен; тіпті, баржоми мен жүзім сусынын қосу арқылы дайындауға болады.
Қоспаны дайындаған соң, қайнатылған қоспаға еңкейіп, басыңызды орамалмен жауып, дем алыңыз. Процедураны өткізгенде ең басты ережені: мұрынмен тыныс алып, ауызбен шығару керектігін ұмытпаңыз! 50 рет дем алып, дем шығаруға тырысыңыз. Бу тым ыстық болмауы керек, әйтпесе, шыршықты қабығыңызды күйдіріп алуыңыз мүмкін. Ингаляцияны әрбір 2-3 сағат сайын қайталаған дұрыс.

Аяқтарыңызды жылы ұстаңыз

Тұмау кезінде тонуға болмайды, әсіресе, аяқты жылы ұстау керек. Қобдишаңызда қыша қағаз бен қыша таусылмауын қадағалаңыз. Құрғақ қышаны ұйықтар мезгілде нәскиге себуге болады.
Жылынуға өте жылы ванна (38-40 градус) көмектеседі. Егер, дене қызуыңыз 38 градустан жоғары болса, ыстық ваннаға түсуге болмайды – бұл жүрекке кері әсерін тигізеді. Шыққан соң, тез арада жоғарыда айтылған кеңестерді орындауға тырысыңыз да (мұрын мен тамақты шаю, ингаляция, нәскиге қыша себу), жылы төсекке жатыңыз. Денедегі жылуды жоғалтып алмауға тырысқан жөн.

Жақсы ұйқы – денсаулықтың кепілі

Түндегі толық ұйқы – тұмаумен күресудің тағы бір амалы. Бір тәулікте тұмаудан арылғысы келген адам, сол уақыт аралығында жақсылап ұйқысын қандырғаны дұрыс.

Қандай дәрілерді қабылдау керек?

Парацетамол, фурацилин, иммунокүшейтуші дәрмектер ме, лимон немесе витамин С формасындағы драже ме – қандай ем қабылдау керектігін өзіңіз шешесіз. Бастысы, тұмауды асқындырып алып, кейін ағзаңызға теріс әсерін тигізетін антибиотиктерді қабылдауға мәжбүр болмаңыз.
Уақытылы ем қабылдар болсаңыз, аяғыңызға тез арада тұрып қана емес, ақшаңызды, уақытыңызды, ал ең бастысы, денсаулығыңызды сақтап қалатыныңызды ұмытпаңыз.

Комментарии:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *