Төреғали Төреәлі «Ұлы дала комедиясы» фильмінің трейлерін жарыққа шығарды

Желіде басты рөлді Төреғали Төреәлі сомдайтын «Ұлы дала комедиясы» фильмінің трейлері пайда болды. Отандық айналымға картина 2018 жылдың 28 қазанында шығады.

Сонымен қатар, таспа авторлары постер мен саундтректі жарыққа шығарды. Фильмнің музыкалық сүйемелдеуі «Кино көрем» атты шығарма болды. Әнді Төреғали Төреәлініңөзі Ғазизхан Шекербековпен бірге орындады.

«Ұлы дала комедиясы» фильмі әнші Төреғали Төреәлінің өзі жайлы баяндайды. Тілшімен болған даудан кейін әртіске түрлі жағымсыз пікірлер айтылады. Жұлдызды өмірден шаршаған Төреғали бір күні танымал емес болып оянады. Оның тұлғалығы енді ешкімге беймәлім әрі қызықсыз, оның орнына басқа әнші көрермен жинап жүр. Бір қарағанда, әртістің тыныш өмірге қатысты арманы орындалғандай көрінеді, бірақ шығармашылыққа деген махаббат сол қалпында қалды. Кейіпкер бұрынғы атақ-даңқын қайтара ала ма?

Таспа түсірілімі осы жазда Алматыда өтті. Түсірілім алаңында актерлар Мадина Оспанова мен Дәулет Бижанов Төреғалиға серіктес болды.

Жобаның режиссері — Дархан Сәркенов. Қоюшы үшін бұл «Екі адамдық мақала»картинасынан кейінгі екінші толықметражды фильм болды.

Комментарии:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *