2018 жылы сәнге айналатын түс

Пантон Институтының  айтуынша 2018 жылдың сәнге айналатын түсі – ультракүлгін. Адамды өзіне тартатын қасиеті бар бұл түс,  жылдың ең үздік түсіне айналмақ. Күлгін түстен басқа, сән әлемінде бірнеше түс топ жармақ. Қиялдың шегіне алып баратын түстердің қатарында:  ашық сары, лавандалы, ашық қызыл, қызанақ түстес қызыл, лимонды-лаймалық кіреді. 

Stella McCartney, Calvin Klein, Stella McCartney, Rochas, Victoria Beckham

2018 жылдың үздік түстері адамға жақсы жағынан әсер ететіні сөзсіз. Романтиканы сүйетіндерге – жұмсақ лаванда мен ашық күлгін; түсі суық, қаталдау жандарға – қызғылт пен лайма түсі;  ал, басқа нәзік жандыларға – чили мен жабық көк түсті қолдануға «сән әлемі» кеңес береді. Бұрынғы сәннен қалмаған түстің бірі – металл түстес сұр. Барлық киіміңізге үйлесе кететін бұл түс сән әлемінен ерекше орын алған. Тағы бір айта кететін жайт, осы түстің барлығын ақ және қара түспен үйлестірсе артық етпейді. Қара мен ақ түс нәзік жандылардың ең сүйікті түсі. 

Шашты қандай түске бояған жөн?

Aigner, Dior

 Шаш кесуден өз ісінің шеберлері сәнге ашық түстердің қайта келгенін бір ауыздан қолдап отыр. Шаш сәнгерлері ультракүлгін, қызыл, көк, фуксии түстердің 2018-дің трендінде болатынына сенімді. Шашты тек бір түспен емес ұштарын басқа түспен бояп, үстіңгі жақтарына басқа түс қолдану әйелдер қауымының көңілінен шығып жатқанын айтады. Көзге жайлы, қоңырқай түстер 2017-де сәнде болса, биылғы жылы екінші орынға түсіп, ашық түстер алдыңғы қатардан орын алған.

Комментарии:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *