Тәтті түрмеден бас тарта аласыз ба

Қантқа деген махаббат — тәтті түрме. «Өз еркімізбен тәттіге құмартамыз» деген  өзімізді алдау сияқты. Бұған дәлел ретінде келтірсек, кішкентай ғана түйіршік ақ қант, бізге наркотик сияқты әсер етеді екен. Күмәніңіз бар ма? Онда, қанттан бас тартып көріңізші… Қант организмге түскен уақытта миға кокаинді қолданғандағы дабл баратыны дәлелденген екен. Және де қантқа деген тәуелділік наркотиктан да ерте оянатынын айта кетейік. Қанттан бас тартсаңыз не өзгереді?

КҮШ-ҚУАТТЫҢ АРТУЫ

Тәтті қант пен шоколадтан, тәтті шырыннан бас тартсаңыз: 1. Өзіңізге деген сыйластықты сезесіз. 2. Сәл уақыт өткеннен кейін күш-қуаттың молайғанын сезесіз. 

КӨҢІЛ-КҮЙДІҢ ЖАҚСАРУЫ

Нейробиологияда тамақты «табиғаттың сыйы» деп атайды. Ол — миға ерекше сезім алып келеді. Қанттан бас тарту, бірінші күні қатты қиынға соғады. Өте көп мөлшерде ішіп, жегіңіз келіп тұрады. Бірінші күннің соңында, бұл жағдайға үйреніп қалғаныңызды байқайсыз. Ал, екінші күні «бас тарту» функциясы өзімен өзі жұмыс жасап, қанттың орнына пайдалы затты іздей бастайсыз. Диетлогтардың айтуынша, осы уақыт қанттың босаған орнын пайдалы тағаммен қамтамасыз ететін кезең. Жемістерді көп жеуден қорықпаңыз. Ол — қан айналымын дұрыстауға көмектеседі. 

ТЫНЫШ ҰЙҚЫ

Бірінші 3-4 күнде тәттіге деген тәуелділік миға дабыл берумен болады. Қатты кеткен жағдайда бұл, депрессияға дейін алып келеді. Көңіл-күйді көтереміз деп, қайтадан бұрынғы қалпымызға келгіміз -ақ келері сөзсіз. Қант — бізге ләззат сезімі мен эндорфин беретінін бәріміз білеміз. Қанттан бас тарту бізге тыныш ұйқы сыйлайды. Осы кезде денемізде өзгерістер жүреді. 

ТЕРІНІҢ ТАЗАЛАНУЫ

Қанттан бас тартқан 3-ші аптада, терінің ағарып, таза бола бастағанын байқайсыздар. Терідегі ісіктердің, беттегі дақтардың барлығы қанттың шектен тыс көп болуынан екен. 

ЖАДТЫҢ ЖАҚСАРУЫ (УЛУЧШЕНИЕ ПАМЯТИ)

Тәттінің миға жақсы әсер ететінін білеміз. Мектеп кезінен бақылау алдында, бір шоколад жеп алатынымыз есімізде. Бірақ, кері әсерінің бары да сөзсіз. Ғалымдардың дәлелі бойынша, қанттың көп болуы ми клеткалар мен үйренуге деген құлшынысты бұзады екен. Бір апталық тәттіден бас тарту, нерв жүйесі, есте сақтау қабілеті мен ойлау жүйесін жақсартады. 

ӘДЕМІ ДЕНЕ

Қанттан бас тартқан бірінші айыңызда біраз салмақты тастағаныңызды сезе бастайсыз. Қанттан бас тартудың арқасында жеміс-жидек жеуге көшесіз. Енді, сіздің ағзаңызда артық салмаққа айналатын қант жиналмайды. Басты мақсатқа осы қалыпты сақтап қалу кіруі керек. 

Тәтті сүйер жандарға айттарымыз: Қанттың зиян екенін білу үшін, одан 10 күн бас тартып көруіңіз қажет.

 

Комментарии:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *