Тәттім менің

Авторы: Жасқанат Жұман

 

 

 

 

 

Тең келмес саған ешкім жер бетінде,
Ыстықсың, құмарсың сен шөлдетуге.
Ғаламның тəттілері татымайды,
Жаным-ау, мына сенің келбетіңе.

Махаббатты қойсаңшы кескілемей,
Жүрегімді қойсаңшы тескілемей.
Тым болмаса түрін көргің келе берер,
Сапалы,дəмдісің сен Nestle-дей!

Сол ару тек өзімдік жан секілді,
Арайлап,атып келер таң секілді,
Мың карамель ішінен жарқыраған,
Snikers-тің ішіндегі дəн секілді!

Сыңғыр күлкің, тұрғандай қияктанып,
Көргім келед ішіңді жиі ақтарып.
Мінезіңде əр түрлі, бірақ тəтті,
Alpen Gold-тің əр түрі сияқтанып!

Тəттім-ау,жүрегіме тіл қатшы кеп,
Махаббаттың əндерін тыңдатшы кеп.
Бағасы шарықтаған Raffaelloм
Ұзамай маңайымнан үн қатшы кеп!

Сені көрсем қуанып толқит денем,
Сезімге жат емес пе һəм сүйтпеген.
Артықсың сен, əркім алып тастап кеткен,
Жерде қалган, сол ашық кəмпиттерден.

Сенің тəтті екеніңді жан біліп пе?!
Атар бізге шұғылалы таң күліп те.
Бір қораптың ішінде Twix-тей
Бір болайық екеуміз мəңгілікке!!!

Комментарии:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *