15 Окт, 2018

Таңертеңгілік бас ауруының себептері

1. Ұйқы мәселесі

Апноэ

Бұл ауру түрінде сіздің дем алысыңыз сиреп, кейбір кезде жоғалып кетуі де мүмкін. Апноэ ауруының белгілері — ұйқы кезіндегі қорылдау және таңертеңгілік бас ауру.  

Сізде осы ауру түрімен үлкен қиындық бар, егер:

  • түнде жиі оянсаңыз;
  • күнде ұйқының қысуы;
  • ұйқы кезінде терлеп жатасыз;
  • қорылдайсыз;

Апноэ ұйқы кезінде үлкен қауіп төндіреді. Мысалы: қан қысымының көтерілуі мен жүректің ауыруына алып келеді. Өзіңізде осындай белгілерді байқасаңыз, дәрігерге қаралғаныңыз жөн. 

Ұйқының қанбауы

Мамандар үлкендерге тек 7-8 сағат ұйықтауға кеңес береді. Sleep Disorders and HeadacheАмерика ассоциациясының зерттеуі бойынша бас ауруы 6 сағаттан кем немесе 8,5 сағаттан көп ұйықтаса көбейетінін айтады. 

Ұйқының сапасын жақсартатын бірнеше кеңес. 

  • Күнде бір уақытта оянуды әдетке айналдырыңыз.
  • Кофеин, никотин, ішімдіктерден өзіңізді алыс ұстағаныңыз жөн.
  • Ұйықтар алдында миға ауырлық жүктемеңіз: теледидар қарамаңыз, әлеуметтік желіні өшіріп қойыңыз. 
  • Өзіңізді тыныштандыратын іспен айналысыңыз. 
  • Ұйқыңызды бұзып жүрген және керісінше көмектесетін тізім құрыңыз.
  • Бөлмеңізді қараңғы және тыныш қылып ұйықтаңыз. 
  • Салқын су қабылдап жатыңыз. 
  • Дене шынықтырумен айналысыңыз. 

2. Депрессия 

Депрессия бас ауруды қалыпты жағдайға айналдырады. Әрине сіздің өмір сүруіңізге де кері әсерін тигізері анық. Депрессия ұйқының бұзылуына алып келетінін де білеміз.

 
 

3. Ішімдік ішу

Зерттеу нәтижесі бойынша 19 мың адамды әртүрлі елден ішімдікпен зерттеген. Күніне 6 порция ішімдік ішкен адамдар ертесінде бастың қатты ауыруымен қиналғандығын байқаған. 

4. Бруксизм

Бұл ауру түрімен тістерін қайрап, дыбыс шығарып жататындар ауырған. Кейде бұл әдетке айналып, күнде қайталануы мүмкін. Ол өте қатты бас ауруын тудыруы мүмкін. Мұндай жағдайда апноэнің де асқынып кетуі ғажап емес. 

  • Тісті қышырлату;
  • жақ сүйек пен беттің ауыруы;
  • жақ сүйектің шаршауы;
  • сүйектердің дұрыс орналаспауы;
  • құлақтың ауыруы;
  • Тістің әлсіздігі, ауру тудыруы;
  • ұйқының бұзылуы;
  • бас ауруы;

5. Денсаулықтың сыр беруі

Күнделікті бас ауруы қатты ауру түріне жатпайды. Егер сізде: ми ісігі, жарақат, инсульт болмаса. Бірақ, бас ауруды екінші аса қатты емес түріне жатқызамыз. Ең бірінші ұйқыны дұрыстағаныңыз жөн. 

 

Комментарии:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Advertisment ad adsense adlogger