«Тақтар ойыны» ең танымал телехикаяның сюжеті ғаламторға тарап кетті

АҚШ телехикаясының ең ұзақ әрі ең көлемді соғысының 8-ші сезонының түсірілімі аяқталғаны белгілі болды.   «Тақтар ойыны» Джордж Мартиннің «От пен мұздың әні» романының желісі бойынша түсіріліп, миллиондаған көрерменді өзіне тәнті еткен болатын. 

Режиссердің бас көмекшісі Джонатан Кинлан инстаграм әлеуметтік желісіне продюсердің түсірілім соныңда табыстаған марапаттау қағазын жариялады.

ппппппп

Міне, осылайша бірнеше жылдар бойы терең талқыға түскен телехикая сонына жетіп отыр. Баршамызды бір ғана сұрақ мазалайды: Тақ кімдікі?

Ең соңғы теке-тірестің түсірілімі 3 айға жуық уақытты алғаны белгілі. Продюсерлер мен режиссерлер 55 өте суық, жаңбырлы, қарлы күнге шыдап, еңбектенген актерлерді, каскадерлерді, барша түсірілімге қатысқан азаматтарға алғысын білдірді. Айта кету керек, бұл шешуші шайхастың түсірілім , баршамызға мәлім,  «Бастард соғысынан» да асып түсті. 

Атышулы телехикаяның соңғы кезеңі 2019 жылдың сәуір-мамыр айларында жарық көреді.  

 

Комментарии:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *