Тағы да мектепте оқушы мерт болды

Ақтөбе қаласындағы №38 мектепте қайғылы жағдай орын алды. Он жасар Дильназ Абишеваның сабақ үстінде денсаулығы сыр беріп, мұғалімдер жедел жәрдем шақырған. 18 рет шақырылған жедел жәрдем сол күйі мектепке жетпеген. Уақытты жоғалтпау үшін мектеп мұғалімдері жолдан көлік тоқтатып оқушыны ауруxанаға жеткізеді. Бірақ тым кеш болыпты. Дәрігерлер баланы кеш жеткізгенін,  5 сынып оқушысының ауруxанаға жетпей жан тапсырып қойғанын айтқан, деп xабарлайды Тенгриньюс.

Дильназ таңертең ешқандай сырқатсыз мектепке келген. Циркке барған. 5-ші сабақта денсаулығы нашарлаған екен. Ал, оның анасы қызының ешқашан ауырмағандығын айтады. Дәрігерлердің жүрегі тоқтап қалғандықтан қайтыс болды дегеніне де күдікпен қарап отыр. Қазір баланың қайтыс болу себебін анықтау үшін Алматыға сараптама жасауға жіберілген.

Ал мектеп мұғалімдері қыздың ара — тұра ауырып жүргендігін, мектеп медбикесі оған дер кезінде көмектесіп тұрғанын алға тартады. Тіпті отбасына материалдық көмек те көрсетілген екен. Бұл туралы мектеп директорының орынбасары Бимаш Тілеубергенова айтады. Енді мектеп басшылығы да қыздың ата-анасы да арнайы сараптаманың қорытындысын күтпек. Ол 1 айдан соң анық болады. Жедел жәрдем дер кезінде жеткенінде баланың өмірін сақтап қалуы мүмкін еді деген де нұсқалар айтылып жатыр.

Комментарии:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *