Тағы да көктем келді Астанаға…

Жүретұғын қадірін бұрын білмей,
Сағынасың кіршіксіз сәттеріңді.
Бұл дүние бір рет сүріндірмей,
Бақытты қылды дейсің, əттең кімді…

Гүл жинап қайтатындай қыр астынан,
Өзіңді-өзің алдайсың әлі күнге.
Көктем сайын бүрлейтін кінәсіздеу,
Бір үміті бар шығар бәрінің де…

Тағдыр да тауысқандай дəрменіңді,
Бұл күндер мұңға құшақ жаяды ұдай.
Есің кете сүймейсің əлдекімді,
Көктемді де күтпейсің баяғыдай…

Өткен күндер жүрекке нала болып,
Терезеден түнге үнсіз телміремін..
Қанша үмітім ақпанмен барады өліп,
Қанша үмітім алдайды енді менің?!

Көз ілермін сұраумен Хақтан бақыт,
Жүрген сол бір жан үшін жат қалада…
…Жалғыздықтың жанарын жаутаңдатып,
Тағы да көктем келді Астанаға…

Айжан Табаракқызы

Комментарии:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *