Əзілхан Нұршайықов: «Жастарға арнаймын!»

Бірінші сөз (Ұлдарға өсиет): Ұлдар! Алдымен сөзімді сендерге арнаймын. Менің сендерден тілегім мынадай: -Арақ ішпендер айналайындар!Арақ – азаматтың жауы: халықтың, қоғамның дұшпаны… … Адам арақ ішпегенен өлмейді, араны ашылып арақ ішкенен өледі. Әрбір арақ ішкен адамның өмірі аз, ғұмыры қысқа…

Тортай мінер ақбоз ат

Біздің ауыл Салықсалғанның иығында отырған. Шілденің дәл ортасы болса да, бұл жерде қоңыр салқын, бұлтсыз күндері тамылжыған тамаша мезгіл басталушы еді. Не ыстық емес, не суық емес жайлаудың жайма-шуақ сәтінде, төбеңнен көкпеңбек болып төңкеріліп тұрар аспанға қарағайдың бүршігін лақтырып ойнайсың.…