Тарихта аты қалған «соқыр музыкант» кім?

 

2004 жылы «Рэй» атты американдық кино жарық көрді. Бұл атақты әрі дарынды музыкант  Рэй Чарльз туралы қайталанбас кинотуынды. Рэй Чарльз 23 қыркүйекте дүниеге келді. Ол 50-ші және 60-шы жылдардын барлық музыканттарын шабыттандырған атаулы тұлға. Соул бағытындағы сазды насиxаттап, оның дәстүрлі классикалық музыка түріне айналуына әсер етті. 70-ке жуық грамжазба Рэй Чарльзге тиесілі. Грэмми сыйлығын 17 дүркін иеленген аңыз адам.

Ал енді фильмге оралайық. Кино Рэй Чарльздің өмірін баяндайтын туынды. Рэй Анасы мен інісін  қалай асыраймын деп басы қатып, кез-келген жұмысқа келіседі. Алайда жұмыс берушілер әріп танымайтындығын пайдаланып ақшасының жартысының өздеріне алмақшы болады. Алайда Рэйдің анасы «оқу білмесемде, ақымақ емеспін» деп өз есесін жібермейді.


   

 

Рэй және інісі екеуі үйдің алдында кір жуып отырған анасының қасынан шықпайды, сүйтіп жүріп Рэйдің інісі су толы табаққа түсіп кетеді. Көзі нащар көретін Рэй, інісін құтқара алмайды. Кейін ол 7 жасқа келгенде мүлдем зағип болып қалады. Алайда, өмірге құштар, жүзінен күлкі кетпейтін Рэй мақсатына жету жолында ешқашан тоқтап қалған емес. 


    

 

 

Анасы оны қарапайым мектепте оқи алмайтынын біліп, жалғыз өзін ауылға жібереді. Кетер алдында Рэйге анасы «есіңде сақта ешқашан ешкімге жем болма, мен сияқты қара жұмыс істеме, аяғыңнан нық тұрып өзіңе-өзің жұмыс істе» деп шығарып салады. Ары қарай Рэй Чарльзге не болғанын білгіңіз келсе, фильмді тамашалаңыздар.

 

 

 

 

 

 

Ақсәуле Сейілхан 

Комментарии:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *