«Өте көп іштім және өлгім келді», — Илья Ильин

Ауыр атлетикадан 4 дүркін әлем чемпионы Илья Ильин Sports True бағдарламасына берген сұхбатында дисквалификациядан кейін спортқа оралуы, допинг, Президент Нұрсұлтан Назарбаевпен достығы жайында және басқа да сұрақтарға жауап берді.

-Елбасымыздың менің чемпионатында жеңіске жеткенімді біліп, мен үшін қуанғанына сенімдімін. Менде оған хабарласатын мүмкіндік  жоқ, менің жеңістерімнен  кейін қоңырау шалып, құттықтайды. Ол маған жақсы көзқараста. Біз жиі кездесеміз. Ол менің рухани әкем. Соңғы кездесуімізде хал-жағдайымды сұраған болатын. Мен бәрі жақсы дедім. Жанжалдан кейін де мені қолдады. Менің өзі үшін чемпион екенімді айтты, және де бұл өте үлкен қолдау болды.

-Ішімдікке салындың ба? 

-Ия, біраз іштім. Ішімдік үнемі қасымда болды. Стаканның ішіндегі нәрсе қиындықтың шығуға көмектесті деп айта алмаймын. Керісінше, өмірге сүруге кедергі келтірді. Көп іштім, ата-анама да ыңғайсыздық тудырды. Медалдарым мен марапаттарымды тартып алады деген жаңалықты естігенде… өлгім келді. Қонақ үйге жатып, үш күн іштім. Өткен жылдың басында Израильге барып, сол жақта ес жидым. 

-Допинг туралы баяндасаң…

-Бұл сұраққа өте құпия ретінде қараймын. Қазір бәрін айтуды дұрыс деп санамаймын, айта алмаймын да. Мүмкін кейінірек егжей-тегжейлі баяндармын. Мен әділ жеңдім. Ешқандай спортшы менің бетіме тура қарап, әділетсіз жеңдің деп айта алмайды. 

-Тағы да допинг мәселесі қайталануы мүмкін? Алдын-алу шараларын ойластырдың ба? 

-Біз мәселе бойынша жұмыс жүріп жатыр. Мен Токио Олимпиадасына дейін жете алмаймын. Бізге кім баратынын хабарлайды. Сол кезде мемлекетіміз мені қолдайды деген ойдамын. Мен өз мерзімімді өтедім. Егер Токиодағы олимпиадаға қатысуға рұқсат етпесе, қасақана түрде шеттетеді деген сөз. 

 

Сұхбат vesti.kz сайтынан алынды. Толық нұсқасын «Ютуб» желісінен көре аласыздар.

Комментарии:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *