Терминатор туралы жаңа фильмнің бас актеры кім екені белгілі болды

Терминатор туралы жаңа фильм түсіргелі жатқан режиссер Тим Миллер «Deadline» баспасына берген сұқбатында Арнольд Шварценеггердың орнын басып, басты рөлді сомдайтын актердың атын атады-деп хабарлайды РИА Новости. 

Ол 35 жастағы америкалық актер  Гэбриел Луна. Актер бұрын-соңды  «Агенты Щ.И.Т.» телесериалындағы рөлімен танымал еді. Кинокартинаның түсірілімі осы жылдың жаз айларында басталады. Премьера 2019 жылдың 22 қарашасына жоспарланған. Мұның алдында 70 жастағы Шварцнеггерге жүрек отасын жасаған болатын. Ол көзін ашқанда ең бірінші өз кейіпкерінің культтік тіркесін айтқан  :  «I’m back»(Мен оралдым)

Дереккөз: tengrinews.kz

 

Комментарии:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *