15 Окт, 2018

Тісіңізді дұрыс тазалап жүрсіз бе

Таңғы астан кейін немесе оған дейін

Ғылымда бір түнде жиналатын бактериялар ауру туғызатыны әлі зерттелмеген. Сондықтан, тісті таңғы асқа дейін тазалағаныңыз жөн болады. Жуынбай тамақ ішу өзіңізге де ыңғайсыздық тудыратыны белгілі ғой.

Ең бастысы — сіз апельсин шырынын немесе басқа қышқыл шырынды ішкен болсаңыз, тісіңізді таңғы астан кейін дереу тазаламаңыз. Ал, кофеден кейін тазалаған жөн. Өнімдердегі қышқыл тіс эмальмен әрекеттеседі, сондықтан дереу тазаласаңыз, эмальға минуттық зақым келтіруіңіз мүмкін. Ең дұрысы, сіз өзіңіздің тістеріңізді немесе таңғы астан кейін немесе жарты сағат өткеннен кейін тазартыңыз.

Бірақ сіз шырыннан кейін тістеріңізді тазалап қойсаңыз қатты алаңдамаңыз. «Шырыннан кейін тісін тазалап, эмальді толық құртып алған адамды көрмедім»,-дейді тіс дәрігері Грант Ричи.

Тіске арналған жіп

Тісті жіппен асқа дейін немесе астан кейін тазалау керек деген қатып қалған қағида жоқ. Ал, тіс дәрігері Ричидің өзі таңертеңгілік жуынуда тазалайтынын айтады. Бірақ, тіске арналған жіппен тазалау міндетті емес.

«Егер сіз, күніне екі рет тіске арналған пастамен тазалап, тісіңіздің арасын жіппен тазартып отырсаңыз алаңдайтын ештеңесі жоқ»,-дейді тіс дәрігері Элис Богозиэн. -Өзіңізге қалай ыңғайлы, солай жасаңыз. Бастысы  күнделікті тіс арасын тазартып отырсаңыз жеткілікті».

Қосымша заттармен шаю

Богозиэннің айтуынша тіске арналған шайғыш заттар міндетті емес. Көп шайғыш заттар ауыздан жағымды иістің шығуын ғана қамтамасыз етеді. Қолданғыңыз келсе соңынан қолданғаныңыз дұрыс. Ал, кейбір шайғыш заттар микробтарды өлтіру үшін қолданылады. Көбісін тек дәрігердің кеңесімен ғана пайдаланыңыз. Ал, фтор қосылған шайғыш заттар эмальді қатайтып, тістің беріктігін сақтайды. Тісіңіз жайлы қатты уайымға  берілмегеніңіз жөн. Тіс тазалау әр адамда әдетке айналған іс болуы керек.

Комментарии:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Advertisment ad adsense adlogger