«Томирис» фильмінің басты ролінде ойнайтын кейіпкер белгілі болды

Бұл арудың кім екенін білесіз бе? Білмесеңіз таныс болыңыз: Альмира Тұрсын, 1990 жылы дүниеге келген, мамандығы психолог-жаттықтырушы.

Қазақстандық режиссер Ақан Сатаев өзі түсіріп жатқан тарихи «Томирис» фильмінің басты кейіпкерін жұртшылыққа таныстырды. Ол өзінің инстаграмдағы парақшасына: «Мен Сіздерге біздің тарихи фильмнің басты кейіпкерін таныстырғым келеді», — деп режиссер Альмира туралы қысқа дерек ұсынған. Кастинг директоры  @zhainaabdi -дің айтуынша, негізгі рөлді орындаушы қызды Instagram желісінен тапқан. Ол байқаудың  алғашқы екі кезеңінен жақсы өтіп, қазан-қараша айларында киноға түсу лагерінде жаттығып, дайындалады. Альмира желтоқсанда болған соңғы байқауда сыннан сүрінбей өтіп «Томирис» фильмінің режиссері Ақан Сатаевпен, бас продюсер Алия Назарбаеваның таңдауына ие болды. 

 Қазіргі уақытта Альмира экипаж бөлімшелерінің басшыларымен, режиссерлермен және актермен түсіруге дайындықты жалғастыруда.  

 

«Томирис» тарихи таспасының шығарушы ұжым Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясында «Сатайфильм» кинокомпаниясымен бірлесіп жұмыс істейді. Фильмде VI ғасырдың оқиғалары  баяндалады.  Сақ тайпасының ханшайымы Томирис  басқарған батырлардың Ұлы даланы жаулап алуға тырысқан парсы патшасы II Кир-ға қарсы қатты соққы бергені турасында қызықты кадрлар  көрсетіледі деп жоспарлануда.  

Фото: instagram.com/akansatayev

 

Комментарии:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *