Тылсым дүние жұмбағы қашан ашылмақ

Әлем — адам нанғысыз оқиғалар мен тылсым дүниелерге толы. Ақиқат ашылмаған жағдайда әдетте аңыз-әңгімелерге жүгінеміз. Осы ретте атауынан ат үркетін, әлемге танымал тылсым сырларды бойына бұққан тылсым жерлерді назарларыңызға ұсынамыз.

 

               

Шайтанкөл-Қарағанды облысы,Қарқаралы қаласының оңтүстік-батысында орналасқан. Еліміздегі жұмбақ көлдің бірі. Жергілікті халық бұл көлден қатты үрейленеді. Ғалымдар әлі күнге дейін көлдің тереңдігін біле алмай дал.

 

 

 

 

 

 

Британ аралдарында орналасқан, ертеде салынған ғимарат үлгісі.Әлем қазынасына енген –Стоунхендж археологиялық ескерткіші. Египет пирамидаларынан кейінгі уақытта салынған. Пішіні домалаққа немесе сопаққа ұқсайтын, әдетте диаметрі 20 метрден кем емес үлкен тастардан тұрады.

 

 

 

Пасха аралы көбімізге Рапа-Нуи және Исла де Паскуа деген атпенбелгілі. Ол Тынық мұхитының оңтүстік-шығыс бөлігінде полинезиялық аралдың жарты аймағында орналасқан.  Оның әйгілілігі Рапануи жұрты жасаған көлемді ірі мүсіндерімен байланысты. Қазіргі уақытта басты мүсін Рана Паракуда жерінде, ал қалған ескерткіш тастары аралға тас платформасы ретінде жайғастырылған. Қазіргі кезде мүсіндер саны 997.  Болжамдар бойынша ежелгі тұрғындар 1250 және 1500 жылдар аралығында жасаған делінеді. Бірақ олардың шығу  тарихы белгісіз. Пукауды қалайша көтергені және мүсінге жапсырғаны әлі күнге дейін жұмбақ күйінде қалып отыр.

 

 

 

 

Челябинск облысы Чебаркуль көліндегі жылым. Мұнда болжам бойынша 2013 жылы 15 ақпанда метеорит жарықшағы түскен. Болидтің құлау нәтижесінде, Челябинск әлемге танылды.

                                                       

 

 

 

 

 

 

Анар ОРАҚБАЙ

Комментарии:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *