Тышқанның етін жейтін болдық!

 Ең дәмді ет — тышқанның еті
Көптеген адамдар үшін бұл кеміргіштер жиіркенішті, бірақ кейбір елдерде егеуқұйрықтардың еті мәзірдегі құрметті ең дәмді тағамдардың құрамына арнайы қосылады.
Егер үйіңізде егеуқұйрықтар болса, сіз олармен қалай күресу жолын жақсы білесіз. Тамақ ұн, т.б астық өнімдерін жоғарыға қойып түнгі қонақтардан сақтайсыз. Әйтпесе олар сіздің орныңызға таңғы ас ішіп қояды.
Әлемнің кейбір елдерінде егеуқұйрықтар нәзік әрі дәмді  саналады.
Жыл сайын 7 наурызда Үндістанның солтүстік-шығыс бөлігіндегі Гималайдың етегінде жасырынған қашықтағы ауылда Ади тайпасы «Араның көктем» мерекесін атап өтеді. Мерекенің негізгі тағамы-біз жиіркеніп, жолатпайтын – егеуқұйрықтар. Оларды бұл күні әр түрлі тәсілдермен әр түрлі тағамдарға қосып дәмді етіп дайындайды.
Әсіресе адамдар егеуқұйрықтан, бауырдан, ішектен және басқа да тұз, чили және имбир қосылған құйрықтармен және лаппен бірге дайындалған рагусты ұнатады.
Сонымен біз жейтін қой, сиыр, жылқы еттерінің қатарына егеуқұйрықтың да етін қосып қойыңыз, әрине егер тәбетіңіз ашылып жатса.
Дияна САҒЫМБЕКОВА

Комментарии:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *