Тьютор мен модератор: болашақтың ұстазы қандай болуы керек

Көптеген ресейлік мұғалімдер «мұғалім – сөзсіз бедел иесі» деген қалыптасып қалған түсінік пен тұжырымдамадан бас тартқылары келмейді. Қазіргі таңда педагог өзіне оқушысының көмекшісі мен оқу үдерісін ұйымдастырушы рөлін алғаны орынды болар еді.

Кеңес үкіметі заманында КСРО мектептерінің қабырғасында алған білім әлемдегі ең үздік білім деп балалық шақтан бастап санаға сіңірілді.       Мүмкін, сондықтан болар, мектептерде кеңес дәуірінен бері келе жатқан дәстүрлер соншалық күшті сақталған. Осы уақытқа дейін мұғалімнің ең көп тараған бейнесі — авторитарлық адам, соның ғана қолы жеткен шындықты тасымалдаушы. Бұндай тәсіл қатты ескірді. Біз қазіргі кезде ақпараттың жалғыз көзі мұғалім ғана болып табылмайтын цифрлық әлемде өмір сүреміз, Google оқушының кез-келген сұрағына қолма-қол жауап табады. ЭЖМ ҒЗУ лицейінің директоры Дмитрий Фишбейн: «Мұғалімдерге оқушы өзі сұрақ қойғанға дейін жауап айтпауды үйрену керек. Көптеген оқытушылар үшін бұл — өзіндік психологиялық кедергі», — деп санайды.  

Қазіргі таңда Скандинавия елдері мен Азияның кейбір елдері білім беру саласындағы ең озық елдер болып саналады. Оңтүстік Кореяда сауаттылық деңгейі 97,9% құрайды, онда жергілікті мекептер демалыссыз жұмыс істейді. Финляндияда теңдік қағидаты насихатталады, онда әртүрлі физикалық ерекшеліктері бар балалар сабақты бірге оқиды. Бағаға көп көңіл бөлінбейді, басты назар оқушының тұлғалық дамуына аударылады. Нидерландыда да осыған ұқсас жағдай. Оқушылардың жеке қызығушылықтарына уақыт қалдыру үшін мектепте қатты жүктеме болмайды.

Lancman School жеке меншік мектептері желісінің негізін қалаушы Илья Ланцман: «Қазір орта білімнің мақсаты — балаларды белгілі бір білімдермен «толтыру», оларды бағалау және оларды өмірдің келесі кезеңіне шығарып салу. Дегенмен, болашақта түлектерге дәл осы білімдер керек екеніне ешкім де кепілдік бере алмайды. Сондықтан, ақпаратпен жұмыс істеуге үйрету өте маңызды: құрылымдау, жалған деректерді шынайы деректерден айыра білу және т.б. Сыни ойлауды, эмоциялық ақыл-ойды, командада жұмыс істеу дағдысын, жобалар әзірлей білуді дамыту қажет. Алайда, бұлардың бәрі классикалық мектептерде іске асырылмайды»,- деген ойымен бөліседі.

Мектеп біліміне қандай тәсіл ең жақсы деген сұраққа бірден жауап беру мүмкін емес. Әйтсе де, қазіргі сәтте кейбір жерлерде дәстүрлі модель біртіндеп өзгеруде.

Алексей Голубицкийдің Калининград облысындағы «Болашақтың мектебі» ауыл мектебінде балалар курстарды өздері таңдап, сабақ кестесін өздері құрастырады. Бала класикалық дене шынықтырудың орнына немен айналысатынын — жүзу, жартасқа өрмелеу, ату, хореография немесе баскетболмен айналысқысы келетінін өзі шешеді. Ал, еңбек сабағының орнына робототехника мен 3D-нысандарды жасауда өз күштерін сынап көреді. Санкт-Петербургтің 239 лицейінде оқушылар үшін әлемдегі ең алғашқы кәсіптік бағдар беретін онлайн-курс іске қосылған.

Тәжірибе көрсеткендей, әрбір мектептің оқушылар мен мұғалімдерге деген өз талаптары бар. «Летово» мектебінің директоры Михаил Мокринский мұғалімге деген ескі талаптар жойылмайды, керісінше, толықтырылады деп санайды. «Ол (мұғалім) оқушы үшін, бұрынғыдай, ең алдымен, адам, кәсіби маман, бедел иесі. Мұғалім бүгінгі күні рөлдерін шебер өзгерте білуі тиіс, олардың ішінде: жеке және топтық жұмысты, сондай-ақ, дербес қашықтықтан оқытуды ұйымдастырушы болғаны жөн. Ресейлік мұғалімдердің баланың дербестігін жүйелі түрде қолдап отыруда проблемалары бар», — дейді ол.

Оқытушының әлеуметтік рөлі туралы да ұмытуға болмайды, себебі, мектеп — адамның әлеуметтенуі өтетін институт. «Сколково» гимназиясының директоры Оксаны Демьяненконың пікірінше, құндылықтары мен жүрген ортасымен анықталатын мәдени кодтың негізін мектеп салады. «Адамдармен тікелей бетпе-бет диалогта болмаса, эмоционалдық ақыл-ойды қалай дамыту керек? Адамдарды және олардың пікірлерін құрметтеуге, қарым-қатынас пен өз ұстанымын қорғауға келгенде нәтижелі болуға жақсы мұғалім үйретеді әрі бұл солай болып өзгеріссіз қала береді. Уақыт мұғалімнен үш басты қасиетті: қызығушылықты, үнемі ізденіс пен жаңа білімге дайын болуды және батылдықты талап етеді. Қазіргі заманғы мектептің жалпы бетбұрысы – мұғалімге педагогикалық мәселелер мен сұрақтарды шешетін тәлімгер ретінде қарау. Сол  себепті, мұғалімдер үшін психологиялық білім мен құзыреттілік ерекше талап етіледі», — дейді Демьяненко.

«Тағы бір мәселе – мұғалімдердің өзгергілері келмейтіндіктерінде» ,- дейді Дмитрий Фишбейн. «Мұғалім негізінен мінберден балаға өмір неден тұратынын айтатын үлкен адам емес, баланың соңынан еріп отыратын маңызды ересек тұлға — модератор мен тьютордың рөлін ойнайды»,-деп ойлайды. Егер, бұрын мұғалім уақыттың көп бөлігінде тақтаның алдында тұрып бірдеңе айтқан болса, бүгінде мұндай тәсіл жұмыс істемейді. Фишбейннің пікірінше, сабақтың 70%-да оқушылар өз беттерімен өзара әрекеттесулері: жазу, есеп шығару, топпен жұмыс істеулері керек, ал, мұғалім – оларды тек сүйемелдеп отыруы тиіс, оған сабақтың  30%-ы да жеткілікті. ЖЭМ ҒЗУ лицейінде оқушылар сметасын басшылықпен келісе отырып, сыныптан тыс барлық іс-шараларды өздері ұйымдастырады. «Оқиғаларды дербес ұйымдастыру кезінде үйренетін дағдылары кейде оқулықтардан оқып-білетіндерінен әлдеқайда пайдалы», — дейді Фишбейн.

Оқушылардың да бұл тұрғысында өз ойлары бар. «Сколково» гимназиясындағы 5-11 сынып оқушылары арасында мұғалім бойындағы ең маңызды қасиет туралы сауалнамада шәкірттер адами қасиеттерді, оқуға деген қызығушылықтарын арттыру және оқушыларды ұйымдастыра білу сияқты сипаттамаларды таңдаған.

Forbes.ru сайтынан аударылған.

Комментарии:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *