Қуаныш Шонбай:  Миллион тапқың келсе, кәсібіңді сүй!

Қуаныш Шонбайды көбіміз оратор, ресторатор, «Rumi Group»  мейрамханалар желісінің негізін қалаушы, мотиватор ретінде танимыз. Ол алғашқы миллионын 19 жасында тапқаны да көпшілікке аян.  Ол, қалай миллионер атанды -деген сұрақ мазалап жүрген болар?!

Сізге миллион әкелетін жол – өз кәсібіңізге деген махаббат.  Жұмысыңызды сүйіңіз!

Қуаныш Шонбайдың  мотивациялық сөздерінен іріктеп алғандарымды сіздерге ұсынғым келеді:

«Жастарымыздың  үлкен дерті өз ісін сүймесе де болады- деген, қате ой! Тек 10 адамның біреуі ғана өз ісін сүю керек-деп ойлайды екен. Ресми дерек осы! Қашан біз сүйген нәрсемен айналысу батылдығына жеткенде ғана, өз ісіміздің шебері боламыз, табыс табамыз әрі өмірден тентіреп жалған «мотивация»  іздеуді доғарамыз.»

«Қазаққа шабыт жақын-дедік қой?! Мені шабыттандыратын бір механика бар: өмірдің бір-ақ рет берілетіні. Біз бұл түсінікті «Өмір бір-ақ рет беріледі, сондықтан бәрін көріп алайық»-қа жұмсаймыз. Біртүрлі емес пе?!»

«Сенің тұнып  тұрған білімің мен ішкі бай дүниеңнен не пайда, егер сен оны өзгелер паш етіп, көрсете алмасаң, сөйтіп, көштің шетінде жүре берсең?!»

«Негізі күніге жүздеген сәтті мүмкіндіктерді Құдай сыйлайды! Өзің таңдайсың: адамның настроениесін  құртасың немесе ол сәттерді ескермейсің. Немесе, бір адамға жақсы  көңіл-күй сыйлайсың.»

«Сені ешкім тек қана қазақ болғаның үшін, мұсылман болғаның үшін құрметтеп, сыйлауға, сені таңдауға  міндетті емес. Сыйлауы мүмкін, алайда міндетті емес! … Сені сыйлап, елеу үшін жақсы өнім, қызмет, нәтиже  беруің керек!»

Комментарии:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *