Әуеде қалқыған «НЛО» халықты шошытты!

                  Әуеде қалқып біраз тұрған  «НЛО» видеосы телефонға түсіп қалған. Әлеуметтік желіде тарап кеткен бұл бейне халықты әжептеуір шошытты. Дегенмен, біраз уақыттан соң бейнеролик авторы табылды. Ол инстаграм қолданушы азамат екен. Ол өзінің @friendlyrbt парақшасына бұл бейнероликті жариялаған. Сүйікті оқырмандары мән-жайға қанық болмай, бейнені желіде таратып жіберген. Кейін анық болғанындай бұл ешқандай да «НЛО» емес, жай компьютерлік графика болып шықты.  @friendlyrbt компьютерлік графика жасағанды ұнатады, өзінің парақшасына сондай көптеген суреттер мен бейнелерді жариялап отырады. Ал, осы жасанды «НЛО»-ны ол  ешқандай жаман ойсыз әдеттегідей өз парақшасына салғаны анықталды. 

Комментарии:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *