Ақшадан ойыншық жасап жүр

 Венесуэлада валюта құны төмендеп кеткені соншалық, тұрғындардың ойынша тамақтан бұрын,  ақшаны кәдесый алуға жұмсаған дұрысырақ. Венесуэлалықтар туристер үшін девальвацияға ұшырап, қолданыстан кеткен купюралардан сөмкелер, себеттер және тағы да басқа кәдесыйлар жасады. Бұл жердің тұрғындары ендігі уақытта 10-20 мың боливарға кәдесый сатып,  түскі асқа ақша жинап алуына болады.

  Долларға қатысты боливар өзінің 98% — ын жоғалтып алды. Қазіргі таңда долларды 1 курс бойынша 25 000 боливар етіп алуға болады. Бұл венесуэлалық валютаның төмендеп бара жатқаные білдіреді.

  25 жастағы саудагер Вилмер Рохастың айуынша, «ақшадан жасалған» сөмкеге шамамен 800 купюра кетеді. Осы ақшаға ол отбасына  жарты келі күріш ала алатын еді. «2,5 және 10 боливарға 1 кәмпит те сатып ала алмайсың, ал 50 мың боливардың өзі темекі алуға әрең жетеді»,-деп қосты Вилмер.

  Рохас пен оның серіктестері «ақшадан жасалған» бір кәдесыйды өзін кемінде 300 мың боливарға сатады. Түскен табыс тек бір келі ет алуға ғана жетеді. Шаштаразда жұмыс жасаған Венесуэла тұрғыны осыдан кейін, керек емес тиындардан жөндеу жұмыстарын жасамақшы болды. Ол басқа да жұмыстарға шығындалмай, өзі 70 мың тиынды пайдаланып еден жасап шықты.

 

 

 

Комментарии:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *