«Веномның» филімі көруге тұрарлық па?

Егер бір күні денеңізге симбиот (келімсек) кіріп, сізді адам сенгісіз күшке ие қылса не істер едіңіз? Бірақ, ол симбиот қаскөй. Онымен келісу де қиындық тудырады…

Marvel туындыларын ұнататын киномандардың көптен күткен фантастикалық комикс жанрындағы «Веном» фильмі көрерменге жол тартты.

Режиссер Рубен Флейшердің фантастикаға толы бұл фильмі Веном жайлы. «Веном» — ауытқуға алып келетін химиялық элемент формасындағы жат планеталық жаратылыс. Планетадағы барлық тіршілік иесін жою мүмкіндігіне ие. Ал егер адам денесіне енер болса, ол оны өз мүддесіне пайдаланып, қатал, әрі қайырымсыз кейіпкерге айналдырады.

Фильмнің сюжетіне тоқтала өтсек. Жер планетасына ғарыш кемесі құлайды. Ол ғарыш кемесінде ауытқуға алып келетін қара түстес симбиоттар бар еді. Бұл симбиоттың мүмкіндіктерін анықтау мақсатында және өз қалауын орындау үшін ғалым Карлтон Дрейк (Риз Ахмед) зерттеуге кіріседі. Дрейк өзінің зерттеу жұмыстарын көше кезген адамдарға заңсыз түрде тәжірбие жасаудан бастайды. Алайда, күткен нәтижесі сәтсіз аяқталады.

Фильм әдеттегі жақсылық пен жамандықтың күресін, сатқындық пен махаббат тақырыбын көтереді. Режиссер фильмді фантастикалық және қорқынышты кадрлармен қоса, көрерменді күлкіге қарық қылатын да тұстарымен де толықтырған. Кейіпкерлерді сомдаған Том ХардиРиз Ахмед бастаған актерлік құрам өз ролін шебер ойнап шықты. Фильмнің құрылымы, арнайы эффектілердің пайдалануы көрерменнің қөңілінен шығуда.

Комментарии:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *