Ұялы телефонға тәуелділіктен қалай құтылуға болады?

Ұялы телефонға тәуелділікпен күресу үшін… Бәріміз – ұялы телефонға тәуелдіміз. Телефонсыз ісіміз уақытында бітпейді. Бірақ, сол тәуелділік біздің уақытымызды алады. Бұл әдеттен құтылу үшін не істеуге болады?

1. Кітап оқығанда не теледидар қарағанда ұялы телефоныңызды жасырып қойыңыз: Жұмыста, оқу орнында ұялы телефон керек болары сөзсіз. Дегенмен, үйде жүрген кезде демалатыңызды ұмытпаңыз. Сол себепті, ұялы телефонды үйге келген бойда суырмаларға салып қойыңыз. Оған үй телефоны секілді қараңыз. 

2. Ескертулерді өшіріп тастаңыз: Әсіресе, бұл жауап беруді талап етпейтін ескертпелермен тікелей байланысты. Хабарламалар мен қоңырауларды қалдырыңыз да, әлеуметтік желілерден келетін ескертпелерді алып тастаңыз. Жаңа қосымшаларды жүктеген соң да, ескертпелерді қою туралы келісімге «иә» жауабын бермеңіз.

3. Уақытқа шектеу қойыңыз: Телефонды қолыңызға алған соң, таймерді іске қосыңыз. Ол сіз қойған белгілі бір уақыттан соң кесі кезекте тұрған істен хабар береді. Есесіне, сіз ұялы телефоныңызда уақытпен қолданып үйренесіз. Таймер қосылған соң, ұялы телефоныңызды өшіріп тастауға тырысыңыз.

4. Кезекте тұрған кезде, телефонды қолыңызға алмауға тырысыңыз: Шегі жоқ кезекте тұрған кезде бұдан өзге айналысатын іс жоқ секілді көрінеді. Егер сіз шығармашылыққа жақындай түсуді қаласаңыз, бұл әдетпен де қош айтысуға тура келеді.

5.Төсекте ұялы телефон қолданбаңыз: Төсек – ұйықтайтын орныңыз. Ол жерде ұялы телефонды қолданғаныңыз сіздің тәуелді екеніңізді білдіреді. Сол себептен, ұйқыға жатпас бұрын, кейін тұрғаннан соң ғана ұялы телефонға уақытыңызды бөліңіз.

Комментарии:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *