Қылмыс жайлы Сіз білмейтін қызықтар

Ежелгі Римде қылмыскерлерді Колизей шайқас алаңында жыртқыш аңдармен «күрестіріп» жазалаған. Галлиен патша монархтың әйеліне жалған әшекейлер сатқан саудагерге дәл осындай жазаны тағайындайды. Алаңда ажалын тосып тұрған саудагердің алдына тордан арыстан емес, тауық шыға келгенде, дүйім жұртты күлкіге қарық етті. Сонда Галлиен: «Ол өзгені алдады енді өзі де алданды»,- деп, көпесті жібере салыпты.

…………

Американдық Гэри Гилмор бірнеше ұрлық жасап, кісі өліміне айыпты болған және 1977 жылы ол ату жазасына кесілген. Оған өлер алдындағы соңғы сөзі бұйырғанда, Гилмор : «Let`s do it» «Мұны істе» деген. Кейін бұл тіркес Nike компаниясын жігерлендіріп, « Just Do It» деген танымал тіркесі пайда болған.

…………

Басыбайлы құқық дәуіріндегі сотталғандар өздерін тергеген кезде, аттарын мәлім етпеу мақсатында өз ата-тектерін білмейтінін айтқан. Оларды «Туғанын танымайтын Игорь» деп жазып алған. Ал, қазіргі күні бұл тіркесті адам өзінің тарихы мен мәдениетін сыйламағандарға немесе өзіне жасалған жақсылықты лезде ұмытатындарға бағыттап айтады.

…………

2009 жылы Берлиндік Khaufass des Westens супермаркетін белгісіз үш адам тонап, 7 миллион доллар тұратын зергерлік бұйымдарды қолды қылған. Оқиға орнында қылмыскерлердің бірі қолғабын ұмыт қалдырған. ДНК сараптамасының қорытындысы бойынша қолғаптың иесі жалғыз адам болмай шықты. Олар – егіз бауырлар Хасан мен Абас. Екеуінде де бірдей ДНК болуы және қылмысты әшкерелейтін айғақтардың аз болуы олардың қамауға алынбай, босатылуына себеп болды. Бұл әлемдік сот практикасындағы алғашқы жайт емес. Өзінен аумайтын егізінің арқасында бірталай жазадан құтылғандар қаншама?!

Айдана ШЫНАТБАЙ

Комментарии:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *