Қыз зорлағаны үшін оны қолтырауынның ініне тастап жіберді

Мексиканың Оахака штатының тұрғыны полицияға өзінің зорланғаны туралы арыз тастаған. Артынша құқық қорғаушылары 20 жастағы Ясинто деген жігітті ұстады.

Қыздың зорланғанын естіген көршілері 50 адам болып жиналып, полиция бөлімшесіне барған. Бір топ жігіт Ясинтоны сыртқа шығарып алып, жас жігітті жан-жақтан ұра бастайды. Артынша оны қолтырауынның ұясына тастай салған.

Жергілікті тұрғындардың бірі қорқынышты сәтті телефон камерасына түсіріп алыпты. Бейнежазбада 20 жастағы жігіттің әлсіз халде еденде жатқаны көрінеді. Тепкіге алған тобырды полициейлер әрең тоқтатқан. Сондай-ақ, жас жігітті олар қолтырауынның торынан әзер босатып алған. Жігіт аман қалды. Ауыр жарақаттарымен ол қазір ауруханада емделіп жатыр.

Комментарии:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *