Қыздың көзі құрттап кеткен

    Эбби көзінің ауырғанын бірнеше ай бұрын, Аляскада демалып жүргенде байқаған. Ауырғаны шыдатпаған соң медициналық көмекке жүгінуге мәжбүр болады. «Бірінші құртты алғаннан кейін де көзімде дәл сондай төртеуін байқадым. Олардың әлі де көп екенін білдім», — дейді Эбби.

       26 жастағы Эбби Бекли (Abby Beckley) Орегон штаты, Портленд қаласының тұрғыны. Алғашында сол жақ көзінің ауырғанына аса мән бермей, кірпік түскен деп ойлайды. Алайда, кірпік деп алып қарағаны кәдімгі тірі құрт болып шыққан. Дәрігерлерінің айтуынша, бұл – өте сирек кездесетін ауру. АҚШ-та бұрын соңды адамның көзінен «паразит құрт» шықты дегенді бірінші рет естігендерін айтады. Эбби Беклиге «Thelazia qulosa» — паразиттік құрт инфекциясы диагнозы белгіленген. Ал мұндай диагноз көбіне сиырларда кездеседі. Эбби өз үйінде біраз уақытын малдармен өткізгенін де айтты. Дәрігерлер құрттарды қыздың өзі алып отырғанын жөн санады. Себебі, паразиттерге қарсы дәрі қолданғанымен олар өліп, көзінің ішінде қалып қоятын еді. Содан бері Эбби көзінен барлығы 14 паразит құрт тапқан.

Айзада Асылханова

Комментарии:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *